Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Қазақстан боксшылары жауынгер және өте шебер - AIBA президенті

Чинг-Куо Ву Қазақстан әлемдік бокста алдыңғы қатарда екенін атап өтті.


© AKboxing
© AKboxing
Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) президенті Чинг-Куо Ву Қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында қазақстандық боксшылардың Гамбургтегі әлем чемпионатында көрсеткен өнеріне бағасын берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан жарысқа барлық салмақтағы боксшыларын аттандырған аздаған елдердің қатарында екенін айта кетейік.

"Екі ай бұрын ғана Бүкіләлемдік бокс сериясы WSB финалында болдым. Бұл жарыс Қазақстанның турнирлерді ең жоғары деңгейде өткізе алатынына тағы бір дәлел болды. Сіздің боксшыларыңыз жауынгер және өте шебер. Қазақстандықтар турнир медальдарына әбден қол жеткізе алады. Командаларыңыз мықты және он салмақ бойынша да боксшыларды аттандырыпсыздар", - дейді Ву.

Сонымен қатар, Чинг-Куо Ву Халықаралық олимпиада комитетінің әйелдер жұдырықтасатын салмақ дәрежелерінің санын арттыру туралы ұсыныс жасауы ерлердің салмақ дәрежелерінің санына еш әсер етпейтінін айтты. AIBA басшысы Қазақстандағы бокстың дамуына қатысты да өз ойын айта кетті.

"Қазақстан әлемдік бокста үнемі алдыңғы қатарда. Тимур Құлыбаев - қазақстандық спортқа жақсы басшы. Оның осы орынға келуімен бокстың дамуы арта түсті. Егер осы қалыптан таймасаңыздар үлкен жарыстарда жүлделі орындардан құр қалмайсыздар деген ойдамын", - деп аяқтады ол.
  Пікір: 0
  0