Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Головкиннің көршісі боксшының балалық шағында қандай болғанын айтып берді

Боксшы туған ауылында балаларға арналған алаң орнатқан болатын.


Әлеуметтік желілерден алынған сурет
Әлеуметтік желілерден алынған сурет
Жақында Қарағандыда белгілі боксшы Геннадий Головкиннің балалық шағы өткен 14-ші ықшамаудандағы № 11 үйдің ауласында балалар ойын кешенінің ашылу салтанаты өткен болатын.

Спортшының көршілері "Новый Вестник" басылымының журналистеріне қарағандылық жігіттің балалық шағын қалай өткізгенін айтып берді.

"Басқа балалар сияқты аулада кір-қожалақ болып жүгіріп жүретін. Мен біздің Генаны дүниеге келген сәтінен бері білемін. Мейірімді, елгезек бала болатын. Спортшының отбасы да жақсы. Головкиннің отбасында төрт бала болды. Өзімнің балаларым сияқты олар үшін де уайымдайтынмын. Бауыларына обал болды. Екеуі де әскерде қызмет етті. Біреуін аулада төбелес кезінде өлтіріп кетті. Екіншісі жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Ол кезде Головкин кішкентай болатын. Ал егіз Максим мен Гена қазіргі уақытта тек біздің емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышы болып отыр. Геннадий № 11 үйде 1-пәтерде тұратын. Бұл сандар нені білдіреді? Бұл оның әрдайым №1 болатынын білдіреді", - деді "Журавушка" балабақшасында жұмыс істеген Падиша Рахимова.

Ал боксшының екінші бір көршісі Головкиннің бірде-бір жекпе-жегін өткізбей көретінін айтады. "Соңғы рет Головкин Джейкобспен жұдырықтасқанда жүрегім тоқтап қала жаздады. Геночка, өтінемін! Келесі жолы мені бұлай уайымдатпа. Қарсыласыңды бірінші соққыдан-ақ нокаутқа түсір. Біз Максим мен Генаны бүкіл көршілер болып тәрбиеледік. Максим балалық шағында әлжуаз еді, а Гена салмақты болатын. Сондықтан Гена оны үнемі қорғап жүретін. Мінездері мен түрлеріне қарасаң олар әр түрлі адамдар сияқты. Бірақ олар әлі күнге дейін бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Олар өмір бойына осылай жүреді. Мен оған сенімдімін", - деді Нина Михайловна.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы спорт кешенін ресми түрде 7 маусымда ашқан болатын. Салтанатты шараға Қарағандының спорт мектептері мен балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Айта кетейік, спорт кешенінде балалар үшін дайындықтар тегін болады. Қарағанды облысы әкімдігінің бастамасымен спорт кешеніне Геннадий Головкиннің аты беріледі.
  Пікір: 0
  0