22 жастағы Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне шығады

Сурет: boxing2019.com
22 жастағы Бекзат Нұрдәулетов "SULEIMEN Promotions" компаниясы 31 қазан Атырауда өткізеін бокс кешінде кәсіпқой рингте бірінші жекпе-жегін өткізеді. 

Бұл шоуда шетелдік және қазақстандық боксшылар өнер көрсетеді. Көрерменсіз өтетін бокс кеші "Хабар" арнасынан тікелей көрсетіледі. 

Бұл кеште кәсіпқой рингтегі бірінші жекпе-жегіне Данила Семенов пен 2017 жылғы Азия чемпионатында жүлделі болған Абылайхан Жүсіпов те шығады. 

Нұрдәулетов пен Жүсіпов - Қазақстан құрамасының көшбасышлары екенін айта кетейік, мұның алдында олар Олимпиадаға жолдаманы жеңіп алған. Ал Атырауда олар Олимпиада комитетінің рұқсатымен жұдырықтасады. Қазақстан құрамасы боксшыларының қарсыластары кім екені әзірге белгісіз.