21 нокауты бар қарсылас. Головкин рингке оралатын қазақстандық боксшыға қолдау білдірді

Сурет: Fightnews.info

Промоутер Том Леффлер қазақтсандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) отандасы Али Ахмедовке (16-1, 12 КО) келесі жекпе-жегі алдында сәттілік тіледі, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкиннің спортзалға Али Ахмедовты қолдауға келгенін көру қуанышты болды. Али осы сенбіде жұдырықтасады, ал бүгін Альбукерке қаласына аттанады", - деп жазыпты Леффлер твиттер желісінде. 

Ахмедов 31 шілдеде АҚШ-тың Альбукерке қаласындағы бокс кешінде жұдырықтасады. Оның қарсыласы 36 жастағы перулік Давид Зегарра (34-5, 21 КО).

Ахмедов кейінгі айқасында эквадорлық Карлос Гонгорадан (20-0, 15 КО) нокаутпен жеңілген болатын. Бұл жекпе-жекте екінші орта салмақта IBО титулы сарапқа салынған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport