2021 жылы ең көп табыс тапқан боксшылар тізімі шықты. Әйгілі Мейвезер екінші орында

©Getty Images

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес 2021 жылдың қорытындысы бойынша бокс пен ММА өкілдерінің арасында табыс табу көрсеткішінде көш бастады. The Mirror басылымының мәліметінше ол тіпті Флойд Мейвезер мен Конор Макрегорды басып озған.

Топ-10 спортшы (миллион стерлинг бойынша)

5,70 – Билли Джо Сондерс

8,20 – Дастин Порье

8,20 – Деонтей Уайлдер

13,0 – Тайсон Фьюри

15,0 – Энтони Джошуа

15,0 – Логан Пол

31,0 – Джейк Пол

36,4 – Конор Макрегор

48,2 – Флойд Мейвезер

65,7 Сауль Альварес

Еске салайық, мексикалық былғары қолғап шебері төрт салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанды. Өткен жылы ол орта салмақта барлық белбеуді иеленіп, "абсолют" чемпион болды. Сонымен қатар, WBC тұжырымында "Канело" "жыл боксшысы" және "жыл жекпе-жегі" номинациясында үздік шықты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: