20 нокауты бар. IBF Головкинге міндетті қарсылас бекітті

10 желтоқсан 2021 11:01
©Top Rank

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақтағы рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) чемпион болып тұрған орта салмақта өзгерістер болды. Қазан айында ғана бірінші және екінші орын бос болған, ал енді тізімдегі бірінші орынға Эскива Фалькао (29-0, 20 КО) көтерілді. Бұл бразилиялықтың GGG-ге міндетті қарсылас атанғанын ресми белгісі. 

Ал екінші орын сол күйі бос қалды, үшінші орында германиялық Патрик Войцицки (15-0-1, 6 КО) өзгеріссіз тұр. 

Айта кетейік IBF рейтингінің топ-10 тізімінде Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 KO) да бар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport