19 жастағы қазақ боксшы кәсіпқойда қатарынан үшінші жеңісіне жетті

Сурет: : instagram.com/Tolebay_N
Қазақстандық боксшы Нұрдос Төлебай Алматыда өткен бокс кешінде отандасы Нұржан Мақашбаевты жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

MTK Kazakhstan компаниясы ұйымдастырған шоудың андеркартында өткен кездесу алты раундтық болды. Жекпе-жек төрешілердің бөлек шешімімен аяқталды. 

19 жастағы Нұрдос Төлебай үшін бұл үшінші жекпе-жегіндегі үшінші жеңісі (бір нокаут), ал 24 жастағы Мақашбаев бірінші рет жеңілді, алдыңғы екі жекпе-жегінде ол қарсыластарымен тең түскен.

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін екі боксшы да кәсіпқой карьерасын 2019 жылы бастады. Төлебай тек Қазақстанда, ал Мақашбаев Ресейде жұдырықтасқан екен. 
Жаңалықтар