18 нокауты бар америкалық боксшы Али Ахмедовпен жұдырықтасудан бас тартты

Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедовтың (16-1, 12 КО) қарсыласы ауысты. Vesti.kz тілшісіне мәлімет көзінің хабарлауынша, америкалық Скотт Сигмон (35-14-1, 18 КО) жекпе-жектен бас тартқан. 

BoxRec порталының мәліметінше, боксшылар арасындағы он раундты айқас 12 наурыз Плант-Сити қаласындағы бокс кешінде өтуі керек болған. Бұл Ахмедовтың желтоқсан айында IBO титулы үшін жекпе-жекте эквадорлық Карлос Гонгорадан (18-0, 13 КО) жеңілгеннен кейінгі оралуы болады деп жоспарланған. Енді қазақстандық боксшыға басқа қарсылас іздейді.

Еске салайық, Ахмедов кәсіпқой карьерасын 2016 жылы бастаған. Үш жылдан кейін ол GGG Promotions командасымен ынтымақтасты, содан бері үш жекпе-жек өткізді.