18 жастағы Даниял бастайды. Қазақстандық боксшылардың жартылай финал айқастарына тікелей трансляция

Даниял Сәбит. Сурет: olympic.kz©

Бүгін, 28 мамырда қазақстандық боксшылар Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шығу үшін жекпе-жектер өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай финалда алты қазақстандық боксшы өнер көрсетеді. Бұл кезеңде жеңілгендер қола жүлдеге ілініп отыр, ал жеңгендер алтын үшін айқасады. 

Жартылай финалдық жұптар:

49 келі. Даниял Сәбит - Марк Лестер Дюренс (Филиппин);
52 келі. Сәкен Бибосынов - Амит Пангал (Үндістан);
69 келі. Абылайхан Жүсіпов - Баттумур Мишеелт (Моңғолия);
75 келі. Әбілхан Аманқұл - Сейедшахин Мусави (Иран);
91 келі. Василий Левит - Рустам Ырысбек уулу (Қыргызстан);
+91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев - Пуриа Амири (Иран).

Жекпе-жектерді Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Турнирге трансляцияны телеарнаның ресми сайтынан тамашалауға болады.