auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Головкин нашарлап барады - Тедди Атлас

Головкин нашарлап барады - Тедди Атлас
© ToFight.Ru
Бокс әлемінде белгілі бапкер әрі сарапшы Тедди Атлас қазақстандық Геннадий Головкинді неліктен pound-for-pound бойынша мықты боксшы деп санамайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Атластың айтуынша, Головкиннің боксқа қабілеті төмендеп кеткен.

"Барлығы Головкинді біледі. Бірақ ол Супермен емес, оны да жеңетіндер бар. Осадл тұстары бар, Келл Брук және Дэниэл Джейкобс осы әлсіздігін ашып берді. Головкин баяулап қалған, 35 жасқа келгенін ескеру керек. Ол маған ұнайды, мықты боксшы, бірақ, ол pound-for-pound бойынша үздік ондыққа кірмейді. Бұл бос сөз емес, мен нақты деректерге сүйеніп айтып отырмын.

Меніңше, P4P деңгейіндегі боксшы - жай ғана мықты жігіт емес. Одан жоғары болу керек. Мен үшін алғашқы ондыққа кіретін жігіттер - Ломаченко, Кроуфорд, таланты мен техникасы да бар, сонымен қоса ақылды спортшылар. Өзін дамытып, ілгерлей алғандар.

Өз басым кейінгі екі жылда Головкиннің еш ілгерлегенін байқаған жоқпын. Оны құбыжық дейді, олай емес. Ол Еуропадан келген алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын 35-36 жастағы жігіттерді ғана жеңді. Ешкімді де жеңбеді дегенім емес, тек жеңген боксшылары қорқыныш қарсыластар болған жоқ. Мәселен, Ломаченко сияқты денесін жақсы қимылдатса, басқа кемшіліктеріне көз жұмуға болар еді. Бұл адамдарға ұнай қоймас, дегенмен, мен төрешілік тәжірибеме сүйене отырып айтарым осы. Мүмкін уақыт өте ол ондыққа кіретін шығар", - дейді Атлас Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама