15 нокауты бар қазақ боксшысы титул үшін айқасқан британиялықпен жұдырықтасады

Сурет: Fight.ru

Ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Иса Ақбербаевтың (20-2, 15 КО) келесі қарсыласы мен жекпе-жек орны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

37 жастағы қазақ боксшы 7 тамызда Лондонда шаршы алаңға қайта шығады. BoxRec мәліметінше, Исаның қарсыласы жергілікті Джон Маккаллум (12-2, 0 КО) болады. Бірінші ауыр дивизиондағы жекпе-жек сегіз раундқа есептелген. 

Еске салайық, Ақбербаев кейінгі рет былтыр 23 тамыз Алматыда жұдырықтасып, Қамшыбек Қоңқабаевтан (3-0, 3 КО) нокаутпен жеңілген. Бұл оның қатарынан екінші есе жіберуі еді. Ал карьерасындағы бірінші жеңілісі 2019 жылы ресейлік Евгений Тищенкодан (8-1, 6 КО) болды. 

Тищенкомен Маккаллум да кездесу өткізгенін айта кетейік. 2020 қарашада британиялық WBO European титулы үшін айқаста ресейліктен нокаутпен жеңілген. 

Иса Ақбербаев кезінде өзге қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) командасымен АҚШ-та жаттыққанын атап өткен жөн.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport