Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Головкин-Джейкобс жекпе-жегінен қанша пайда түсті?

Бұл кездесуге билеттер жалпы 3,7 миллион долларға сатылыпты.


© Reuters©
© Reuters©
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен соңғы 11 жылдың ішінде шаршы алаңда толық 12 раундты өткізіп, америкалық Дэниэл Джейкобстан үстем түсіп, өзінің чемпиондық атақтарын сақтап қалды. Бұл жекпе-жекте GGG тек өзінің жеңіліссіз сериясын ғана жалғастырып қоймай, өзге де көрсеткіштерін жаңартып алды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Бұл жекпе-жектен пайда үш түрлі әдіспен: билеттердің сатылымынан, ақылы көрсетілімнен (PPV) және қолжетімді трансляциялардан түсті. Джейкобсқа қарсы жекпе-жек Головкиинге Madison Square Garden спорт кешеніне жанкүйер жинау көрсеткішін де арттырды. Жалпы бұл спорт кешенінде өткен кездесуге билеттер 3,7 миллион доллар көлемінде сатылды. 

Головкин мен Джейкобс арасындағы айқасты HBO телеарнасы ақылы жүйе бойынша көрсетті. Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлердің таратқан мәліметі бойынша, кездесуді 153 мыңнан аса көрермен ақылы тамашалаған. Осылайша бұл жүйе бойынша табыс 8,4 миллион долларға жетіпті. Бірақ бұл қаржының тек жартысы ғана екі боксшыға беріледі. Қалғаны ақылы трансляцияны ұйымдастырған компанияларға беріледі. 

Дегенмен PPV жүйесінің нақты табысы әлі ресми жарияланған жоқ. Кейбір БАҚ-дың таратқан мәліметі бойынша, бұл көрсеткіш әлі біршама артуы ықтимал. 

Тағы 1 миллион доллардай ақшаны халықаралық қолжетімді трансляциядан түсіпті. Чемпиондық белбеу үшін өткен Головкин мен Джейкобстың жекпе-жегін әлемнің 100-ден аса елінде көрсеткен. Екі боксшының кәдесыйларынан (атрибутика) 150 мың доллар кіріс кірген. 

Жалпы бұл кездесудің табысы 13 миллион доллар көлемінде болыпты. Мұндай табыстың көрсеткішімен екі боксшы да пайдаға кенеліп қалды. Нақты айтсақ, Геннадий Головкин бұл кездесуі үшін 2,5 миллион доллар сыйақы алса (бұл отандасымыздың АҚШ жерінде алып отырған ең көп алып отырған сыйақысы), Джейкобс 1,75 миллион алды. 
  Пікір: 0
  0