"100 пайыз". Батыр Жүкембаев АҚШ-тағы жаттығуының видеосын жариялады

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) әлеуметтік желіде жаттығуының видеосын жариялады,- деп хабарлайды Vesti.kz

 "Жай ғана жұмысыңды жаса, 100 пайызға", - деп жазылған видео сипаттамасында.

 

Еске салайық, жекпе-жектерінің бәрін Канадада өткізген Батыр WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental титулдарына ие. Ақпан соңында Жүкембаев MTK Global менеджерлік компаниясымен келісімшартқа отырды және боксшы менеджері мен бапкерін ауыстырды. Енді қазақ боксшы АҚШ-та өнер көрсететін болады.