auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Астанаға келеді

Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Астанаға келеді
Әлжан Жармұхамедов. © cska.ru
Елордалық баскетбол клубының бастамасымен Қазақтаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедов "Астана" балалар баскетбол академиясының тәрбиеленушілеріне шеберлік дәрісін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" Президенттік клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, балаларға Олимпиаданың белгілі чемпионынан білім, тәжірибе және машық алуға мүмкіндік туып отыр.

Академия тәрбиеленушілері шеберлік дәрісінен кейін Жармұхамедовпен бірге "Движение вверх" фильмінің жабық көрсетіліміне барады. Бұл фильм баскетболдан кеңестік құраманың 1972 жылғы Олимпиада ойындарындағы тарихи жеңісін баяндайды.



1972 жылы Мюнхенде Олимпиада ойындарының тарихи финалы өтті, онда КСРО баскетбол құрамасы баскетбол ойынының негізін құраған Америка Құрама Штаттарының командасын тұңғыш рет жеңді.

Айта кетейік, сол кезде Кеңес Одағы құрамасының құрамында қазақтан шыққан жалғыз спортшы Әлжан Жармұхамедов ойнаған. Кеңестік белгілі баскетболшы - 1972 жылғы Олимпиаданың чемпионы, 1976 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері және Олимпиада чемпионы болған тұңғыш қазақ.

Қазіргі уақытта баскетболшы Жармұхамедов Мәскеуде тұрады және спорт қауымдастығында белсенді қызмет атқарып жүр.


© cska.ru

"Астана" баскетбол клубы Қазақстанның қазіргі чемпионы, сондай-ақ, елдің ұлттық құрамасының негізі. Елордалық клуб қазақстандық баскетболдың даму негізі болғандықтан, "Астана"балалар мен жасөспірімдер спортының сапалы әрі әржақты дамуына аса назар аударып отыр. Осылайша, бүгінде 300-ден аса бала білім алып жүр.


© РИА Новости мұрағатынан

Әлжан Жармұхамедов әкесінің мына айтқан сөзін еске салды: "Қазақстанға қайт, ол сенің Отаның, сен өзіңнің еліңнің атынан ойнау керексің".

Баскетболшыны 1969 жылы алматылық "Локомотив" командасына шақырған екен. Спортшы Қазақстан астанасында жарты жылдай уақыт болып, кейіннен Қазақстан құрамасымен бірге Рига аттанды. Бірақ сол кезде Бокс федерациясы Әлжан Жармұхамедовқа Қазақстан атынан ойнауға рұқсат бермеді. Сондықтан баскетболшы осындай маңызды жарыстан қалып қалмас үшін Өзбекстан формасын киіп, өнер көрсеткен.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
1 қараша 2022, 11:35
Баскетбол
©pbcastana.kz "Астана" ВТБ лигасында ұтылды
24 тамыз 2021, 14:36
Баскетбол
©сурет: championat АҚШ Президенті тізе бүкті
7 қыркүйек 2020, 16:08
Баскетбол
Сурет: USA TODAY Sports Леброн Джеймс NBA рекордын жаңартты

Жарнама

Жарнама