auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Мақсатымыз болашақ баскетбол жұлдыздарын тәрбиелеу - Олег Севергин

Мақсатымыз болашақ баскетбол жұлдыздарын тәрбиелеу - Олег Севергин
«Алматы» баскетбол клубыныңдиректоры Олег Севергин өз сұхбатында қазақстандық баскетболдың дамуы  туралы сөз қозғап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

- Алматы баскетбол клубының құрылу тарихы жайлы айтып берсеңіз?
 
- Клуб 2006 жылы құрылған. Осы жылы біз клубтың онжылдығын тойладық. Түрлі кезеңдер, қиындықтар басымыздан өтті. Алғашқы үш маусымда ұлттық  лигада тек жүлделі орындардан көріндік. 2009 жылға дейін әйелдер, ерлер және балалар командалары болатын. Бірақ, басшылық біраз ауысқан соң, клуб құрылымы да өзгерді. 2013 жылдан бері біздің ұжым жұмыс атқарып келеді. Өкінішке орай, біз тек ерлер командаларын жаттықтырамыз. Біз бір бағытты таңдаймыз деп шештік. Яғни баскетболдан тек ерлер командасын дайындаймыз.

- Клубтың  жетістіктері туралы  айтып берсеңіз?

- Біз екі мәрте  ерлер командалары арасында ұлттық  лигада  Қазақстан Кубогын жеңгенбіз. Сонымен қатар, ел  біріншілігінің  екі дүркін жүлдегеріміз. Өткен маусымда біз жоғарғы лиганың екінші девизионында ойнадық, онда да күмісті олжаладық. Балаларға келетін болсақ, олар 12-15 жас санаттары  бойынша соңғы төрт чемпионаттың жеңімпаздары, Қазақстан чемпиондары. Біз жас баскетболшыларды тәрбиелеуге тырысамыз. Балалар – біздің болашағымыз! Қалада шамамен 12 бапкер он үш жастан кіші балаларды жаттықтырады. Клуб балаларды, жасөспірімдерді және ересектерді жаттықтыру үшін құрылған. Дарынды, келешегі бар спортшыларды кішкентайынан дайындау керек, онсыз баскетбол қарқынды дами алмайды. Сондықтан біз болашақ баскетбол жұлдыздарын тәрбиелеудеміз.
Бізде 2020 жылға дейін даму бағдарламасы бар, сол бойынша жұмыс істеп келеміз. Сонымен қатар, біз ұлттық баскетбол федерациясының филиалымен бірлесіп, мектепаралық, студенттік турнирлерді өткіземіз. Осы жылы, студент лигасын ұйымдастырдық.  Онда  10 ұжым 7 ерлер және 3 әйелдер  командалары төрт ай бойы  өзара мықтына анықтады.

- Алматы өткен  жазғы турнир жайлы айтып берсеңіз?

- Бұл– Қазақстан  чемпионаты. Осы жылы біріншілік  бес жастық санат бойынша өткізіліп жатыр. Ол екі кезеңнен  тұрады.  Алматыда екі жастық санат бойынша, 2003-2005 жж. жеткіншектер  жарыс жолына шықты. Айта кетсек, алып шаһарда осындай ауқымды республикалық турнирді балалар арасында тұңғыш рет өткіздік. Біз балалар арасында баскетболды қарқынды дамытып келеміз, чемпионаты өткізуді бізге тапсырып, сенім артқандары үшін алғысымыз шексіз. Бұл турнирде  10   команда қатысты. Жазғы турнир республикалық біріншіліктің іріктеу  кезеңі  бірі десек те болады.

- Келесі маусымға жоспарларыңыз қандай?

- Біз ұлттық лигаға қатысамыз деген ойдамыз. Ол үшін барлығы бар, тәжірибиелі спортшылар да, бапкерлер де, қажетті инфрақұрылым да қарастырылған. Ұлттық лиганың командасын құрып, жеңімпаз атану – алға қойған мақсаттардың бірі. Біз әрқашан жаңа белестерді бағындыруға дайынбыз! Сондай-ақ, «Астана» командасынан басым түсу. Ұлттыұ лигада негізгі қарсыластарымыз – «Астана», «Барсы Атырау», «Тобол» және «Каспий». Онда қала намысын қорғайтын негізгі ұжымнан бөлек, 16-20 жастағы жоғарғы лиганың қатысушылары да додаға түседі. Ересектерді ауыстыратын ұрпақ дайын болуы қажет. Біз оларға аса көңіл бөлудеміз. Атап өтсек, күзде студент лигасының шешуші кезеңін өткіземіз.

- Сіздің ойыңызша, қазақстандық баскетболдың болашағы қандай?

- Қазақстандық ойыншыларды, жалпы баскетболды елімізде әр  қарай дамыту үшін кем дегенде 6 клубпен ішкі чемпионат ұйымдастыру қажет. Ол қазақстандық баскетболшылардың ішінен үздікті анықтауға, олардың өсуіне, шеберліктерін шыңдауға  тигізер септігі мол. Содан соң, Азия, әлем чемпионаттарында жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деп ойлаймын. Әлбетте, қазіргі таңда, демеушілер өте қажет, біз оларды қызықтырудамыз. Айта кететін жайт, Универсиада-2017 сияқты ірі спорттық додалардан кейін жастар арасында спортқа деген қызығушылық күрт өсті. Одан бөлек, баскетболдың жанкүйерлері де аз емес. Бірақ, әзірге баскетболдан ірі шараларды өткізуге мүмкіндік жоқ. Өкінішке орай, барлығы қаражатқа байланысты. Бірақ біз жұмыс атқарып, демеушілерді қызықтырудамыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
1 қараша 2022, 11:35
Баскетбол
©pbcastana.kz "Астана" ВТБ лигасында ұтылды
24 тамыз 2021, 14:36
Баскетбол
©сурет: championat АҚШ Президенті тізе бүкті
7 қыркүйек 2020, 16:08
Баскетбол
Сурет: USA TODAY Sports Леброн Джеймс NBA рекордын жаңартты

Жарнама

Жарнама