auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Барыс" легионерлерімен қош айтысады – БАҚ

"Барыс" легионерлерімен қош айтысады – БАҚ
"Барыс" ХК
Ресейдің "Советский спорт" басылымы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті ойындарына өз шолуларын ұсынды. "Барыс "командасының сырт алаңдағы ойындарға үш легионерін алып шықпау себебін де түсіндірді.

- Бүгінгі дау. "Барыс" командасы легионерлерімен қош айтысады. Астанадағы "Жұлдыздар матчы" да қазақстандық команданы серпілте алмады. Одан да қызығы! Команда канадалық легионерлері Линден Вей, Мэть Фреттин мен Джеймс Райтты сырт алаңдағы ойындарға алып шыққан жоқ, - деп жазады басылым.

Кеше кеште елордалық команда Шығыс конференцияда соңғы орындардың бірінде келе жатқан "Лада" командасынан ұтылды. Негізгі уақытта 3:3 есебімен тең ойнап, овертаймда мұз айдын иелері шайба соғып кетті. Бұл ойынға команданың канадалық үш легионері қатысқан жоқ. Хоккейшілерге қатысты Ғалым Мамбеталиев тілшілер сұрағына жауап берді.

- Олар жақын уақытта команда сапына қосылмайды. Мұз айдында көбірек уақыт өткізгенмен, жоғары нәтижелері көзге ұрмай тұр. Одан да жас хоккейшілерге мүмкіндік беруді жөн санап жатырмыз, - деді командада бас жаттықтырушының қызметін атқарушы маман.

Айта кетейік, соңғы екі ай ішінде "Барыстың" басына бұлт үйірілді. 20 ойында бар болғаны екі-ақ рет жеңіске жетті. 51 ойыннан кейін 64 ұпай жинап, Шығыс конференцияда 9-орында тұр. Жарыстың плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі аз.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама