auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Барыс" бесінші ойын қатарынан ұтылды

"Барыс" бесінші ойын қатарынан ұтылды
Барыс ХК
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын "Барыс" бесінші ойын қатарынан жеңіске жете алмай келеді. Бүгін елордалық команда өз мұз айдынында "Сочиден" ұтылды.

Ойында қонақтар 3:2 есебімен жеңіске жетті. 2017 жылдың соңғы ойынында да Евгений Корешков шәкірттері ұпайсыз қалды.

"Барыс" командасының қақпасында Сергей Кудрявцев тұрды. Осыған дейін негізгі қақпашы болып келген швед Хенрик Карлссон өткен турда төрешіге дөрекі сөздер айтып, мінез танытқаны үшін үш ойынға шеттетілген болатын. Сондай-ақ бүгінгі ойынға Дамир Рыспаев қатысты.

Бірінші кезеңде командалар шайба соққан жоқ. 32 минутта елордалық команданың қорғаушысы Валерий Орехов командасын алға шығарды. Алайда екінші кезең аяқталар тұста Эрик О’Делл ойыншы басымдығы кезінде есепті теңестіріп кетті.

44 минутта "Сочи" командасы есепте алға шықты. Павел Падакин шайба соғып, командасын қуантты. Араға 7 минут сала Линден Вей есепті теңестірді. Ойынның аяқталуына 36 секунд қалғанда қонақтар кезекті рет ойыншы басымдығын ұтымды пайдаланып кетті. Бұл жолы Кейси Уэллман шайба соқты. Төрешілер "Сочи" командасының нәтижесін бірден есепке алған жоқ. Шайба соғылған сәтті видеоқайталаудан қайта қарап, шайбаны есепке алды. Нәтижесінде қонақтар жеңіске жетті.

Айта кетейік, бүгінгі ойынға да команда капитаны Найджел Доус қатыса алған жоқ. Шабуылшы жарақатына байланысты команданың соңғы алты ойынына шыққан жоқ.

Елордалық команда келесі ойынын 3 қаңтар күні Астанада "Юграға" қарсы өткізеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама