Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын
"Барыс" Астанада Владивостоктың
"Адмирал" командасын 4:3 есебімен ұтты.
Жарақатынан айығып келген елордалық команданың капитаны
Найджел Доус қарсыластар қақпасына екі шайба соғып, үздік ойыншылардың бірі атанды. 7 минутта тең құрамда, 39 минутта ойыншы басымдығында "Адмирал" қақпасын дәл көздеді.
Сондай-ақ "Барыс" сапынан
Максим Семенов пен
Талғат Жайлауов шайба соқты. Ал қарсылас команда қатарынан
Джонатан Райт, Джонатан Блум мен
Роберт Саболич бір-бір шайбадан өз еншілеріне жазды.
40 ұпай жинаған "Барыс" Шығыс конференцияда үшінші орында келеді. Келесі ойынын Нижний Новгородта
"Торпедоға" қарсы өткізеді.
Жарнама