Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Барыс" "Салават Юлаевты" соңғы минутта сан соқтырды

Ойынның аяқталуына 1 минут қалғанда елордалық команда хоккейшілері мұз айдын иелері қақпасына қатарынан үш шайба тоғытты.


Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын "Барыс" Уфада "Салават Юлаев" командасын 5:3 есебімен ұтты. Ойынның аяқталуына 1 минут қалғанда елордалық команда хоккейшілері мұз айдын иелері қақпасына қатарынан үш шайба тоғытты.

Бірінші кезеңде "Барыс" хоккейшілері айқын басымдық танытып шықты. 9 минутта Найджел Доус есеп ашты. Араға бірер минут сала Владимир Маркелов "Салават Юлаев" қақпасына екінші шайбаны соқты.

Екінші кезеңде уфалық команда белсенді. 40 секунд ішінде Сергей Кудрявцев қорғаған қақпаға екі шайба соқты. Йоонас Кемпайнен мен Артем Феодоров мергендігімен көзге түсті.

Үшінші кезең ортасында Тем Хартикайнен мұз айдын иелерін алға шығарды. Дегенмен "Барыс" хоккейшілері соңғы минутта жеңіске бастар жолды таба білді. Бар-жоғы бір минуттың ішінде Найджел Доус таразы басын теңестіріп, артынша Мартен Сен-Пьер елордалық ұжымды алға шығарды. Бұл есеп айырмасымен тоқтап қалмай, Найджел Доус ойындағы үшінші шайбасын соғып, хет-трик орындады.



"Барыс" келесі ойынын 8 қыркүйек күні Ригада "Динамоға" қарсы өткізеді.
  Пікір: 0
  0