Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Барыс" Астанада Риганың "Динамосынан" ұтылды

Астанада өткен ойында қонақтар 5:3 есебімен жеңіске жетті.


Барыс ХК
Барыс ХК
"Барыс" хоккей клубы құрлықтық хоккей лигасының екінші турында Риганың "Динамосынан" ұтылды. Астанада өткен ойында қонақтар 5:3 есебімен жеңіске жетті.

Елордалық ұжымға бірінші кезең қиын соқты. Қонақтар үш шайба соғып, алға шықты. Микс Индрашис дубль орындаса, бір шайбаны Карл Сколлери өз еншісіне жазды.

Екінші кезеңде "Динамо" хоккейшілері "Барыс" қақпасына төртінші шайбаны соқты. Нәтижесінде бас жаттықтырушы қақпашы Хенрик Карлссонды Сергей Кудрявцевке алмастырып, ойын жүйесін өзгертті. 40 минутта Кевин Даллмэн "Барыстың" ойындағы бірінші шайбасын соқты.

47 минутта "Барыстың" канадалық жаңа легионері Даррен Диц өз мүмкіндігін ұтымды пайдаланды. Дегенмен 53 минутта Гуннарс Скворцов ригалық команданың бесінші шайбасын соқты. Одан кейін ойын аяқталар тұста "Барыс" сапынан Антон Сагадеев шайба соқты.

"Барыс" келесі ойынын да Астанада өткізеді. 28 тамыз күні "Северстальмен" ойнайды.
  Пікір: 0
  0