auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Барыс" Шығыс конференцияда бесінші орынға көтерілді

"Барыс" Шығыс конференцияда бесінші орынға көтерілді
"Барыс" хоккей клубы Ригада "Динамоны" 2:3 есебімен ұтты. Нәтижесінде құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында бесінші орынға көтерілді.

Ойында бірінші болып елордалық клубтың хоккейшілері есеп ашты. 13 минутта Роман Старченконың бағыттаған шайбасы қақпадан табылды. Екінші таймда мұз айдын иелері есепті теңестірді. Микс Индрашис мергендігімен көзге түсті. Алайда "Динамо" хоккейшілерінің қуанышы көпке созылған жоқ. 35 минутта Найджел Доус "Барысты" қайта алға шығарды.

Үшінші кезеңде де командалар бір-бір шайбадан алмасты. 45 минутта Дастин Бойд нәтижелі шайбаны еншісіне жазса, ойын соңында Лаурис Дарзиньш есепті қысқартты.

"Барыс" соңғы төрт ойында жеңіске жетіп келеді. 81 ұпаймен Шығыс конференция турнирлік кестесінде бесінші орынға көтерілді.

Елордалық клуб келесі ойынын 28 қаңтар күні Минскінің "Динамо" клубына қарсы өткізеді. Беларусь еліндегі ойын Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Тікелей эфирде "KazSport" арнасы көрсететін болады.

Құрлықтық хоккей лигасының топтық кезеңі 19 ақпан күні аяқталады. "Барыстың" алда 7 ойыны бар. Оның 6-н Астанада өткізеді.

Посмотреть видео
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама