Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Рафаэль Надаль үздік бестікке қосылды

Испаниялық теннисші карьерасында 900-жеңісіне қол жеткізді.


Әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль (Испания) «Ролан Гаррос» турнирінің төртінші айналымында германиялық Максимилиан Мартерерді 6:3, 6:2 және 7:6 есептерімен жеңді.

Бұл оның спорттық ғұмырындағы 900-жеңісі болып тіркелді. Теннистің ашық дәуірінде мұндай көрсеткішке бұрын-соңды 4-ақ теннисші жеткен болатын. Енді Джимми Коннорс, Роджер Федерер, Иван Лендл және Гильермо Виласпен бір сапқа Надаль да тұрды. Осы бестік ішінде Надальдан бөлек, Федерер ғана әлі ойнап жүр. Дегенмен оның жеңіс саны Рафа үшін әлі тым көп – 1149.

Бұл кездесу «Үлкен дулыға» турнирлерінде Рафаэль жеңіске жеткен 234-матч болып отыр. Осы көрсеткіш бойынша ол таза үшінші орынға шықты. Бірінші орындағы Федерерде «Үлкен дулығаның» жеңісті 332 матчы, Новак Джоковичтің 244 кездесуі бар.

Дегенмен Надаль үшін «Ролан Гаррос» өте ыңғайлы турнир екенін ұмытпайық. Ол бұл жарыста 10 рет топ жарды. Одан бөлек, 38 сетте қатарынан жеңіске жеткен жалғыз теннисші де сол.

Ширек финалда Рафа Диего Шварцманмен (Аргентина) кездеседі.
  Пікір: 0
  0