Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Ольга Рыпакова жылдың үздік спортшысы атанды

Ольга Рыпакова жылдың үздік спортшысы атанды.


Бүгін Астанадағы «Marriott Astana» қонақүйінің  «Балқаш» залында ҚР жеңіл атлетика федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков пен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жыл үздіктерін марапаттады.

Алдымен Ашхабадта өткен жабық кешендегі Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері федерация президентінің қолынан алғыс хатпен қаржылай сыйақы алды. 

Естеріңізде болса, Түркіменстан астанасында Қазақстан жеңіл атлеттері жалпы саны 10 медаль жеңіп алған болатын. Оның ішінде 6 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль бар. Ольга Рыпакова үш қарғып және ұзындыққа секіруден топ жарса, Виктория Зябкина 60 метрге жүгірудің үздігі атанған. Сырықпен секіруші Сергей Григорьев пен ядро серпуші Иван Иванов және 400 метрге жүгіруші Элина Михина да чемпиондардың қатарында. Сондай-ақ жүлдегерлері қатарында Мария Овчинникова (үш қарғып секіру), Ольга Сафронова (60 метрге жүгіру), Анастасия Виногродова (60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру) бар.

Биылғы жылы Лондонда өткен әлем чемпионатында қола жүлде еншілеген, «Гауһар лиганың» финалдық кезеңінің жеңімпазы атанған Ольга Рыпакова «Жылдың үздік жеңіл атлеті» атанды.

– Жеңіл атлетика федерацясының спортшылардың еңбегін бағалап, осындай құрмет көрсетіп жатқанына алғыс білдіремін. Шынын айту керек, мұндай марапат алғаш рет болып тұр. Сондықтан спортшылар федерацияның қазіргі басшылығына алғысын білдіреді, –деді Ольга Рыпакова.

Ал «2017 жылғы ең үздік жоба» болып, «ALTAY athletics» клубы танылды. Жүлде клубтың құрылуына өз үлесін қосқан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке табысталды.

«Жылдың үздіктік аймақтық федерациясы» номинациясын Қарағанды облысы жеңіп алды. Салтанатты шараға облыстық федерациясының президенті, Қарағанды облысының әкімінің орынбасары Асылбек Дүйсебаев қатысты.

Одан бөлек, Ұлттық Олимпиада комитеті 25 жылдық мерейтойына байланысты дайындаған Олимпиада ойындарында атой салған жеңіл атлеттер Ольга Шишигина мен Дмитрий Карпов арнайы төсебелгі табыстады.
  Пікір: 0
  0