Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Сырықпен секіруші Сергей Григорьев Универсиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Бұл Қазақстанның Универсиадада жеңіп отырған 14 жүлдесі.


Сырықпен секіруші Сергей Григорьев Тайпэйде өтіп жатқан бүкіләлемдік Универсиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды.

Бұл сайыс түрінен финалға 12 атлет өткен болатын, оның ішінде екеуі қазақстандық спортшы. Сергей Григорьев бірге 2015 жылғы Кванджуда өткен Универсиада ойындарының жеңімпазы Никита Филиппов болды.

Алғашында финалға шыққандардың көбісі 5 метрден аса алмай жатты. Ал Сергей бірден 5,20, 5,40 және 5,50 метрді оңай бағындырып, бірден көшбасшылыққа шыққан еді. Соңғы сәтте португалдық Диого Феррейра 5,55 метрге секіріп, бас жүлдені жұлып алды. Григорьев соңғы мүмкіндігінде 5,60 метрге талпынып көргенімен, бұл жоспарын жүзеге асыра алмады.

Үшінші орын италиялық Клаудио Стеккиге бұйырды. Никита Филиппов өкіншке қарай жүлдеге іліге алмады. Ол аустралиялық Ангус Армстронгпен бірге бесінші-алтыншы орынды бөлісті.

Бүкіләлемдік Универсиада. Тайпэй.

Сырықпен секіру. Ерлер:


1.     Диого Феррейра (Португалия) – 5,55 м

2.     Сергей Григорьев (Қазақстан) – 5,50 м

3.     Клаудио Стекки (Италия) – 5,40 м

… 5-6. Никита Филиппов (Қазақстан) – 5,30 м

… 5-6. Ангус Армстронг (Аустралия) – 5,30 м
  Пікір: 0
  0