Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Усейн Болт футболдағы мансабын бастауы мүмкін

Спортшының агенті Рикки Симмс та спортшының футболға деген құштарлығын жасырып қалған жоқ.


112.ua
112.ua
Лондондағы әлем чемпионатынан кейін спорттық мансабын аяқтаған әйгілі ямайкалық желаяқ Усейн Болт алдағы уақытта футбол әлемінің жұлдызына айналуы мүмкін. Қазіргі таңда оған Англия чемпион-лигасында (чемпионшип) ойнайтын "Бертон Альбион" командасы қызығушылық танытуда.

Клуб президенті Бен Робинсон Усейн Болтты өз командасынан көргісі келеді. Спортшыға ұсыныс тастауға да дайын.

- Бас жаттықтырушы қарсы болмаса, біз спортшыға ұсыныс жасауға қарсы емеспіз. Командада тәжірибеден өтеді. Ол – өте жылдам. Талай әлем рекордын жаңартты. Біздің командаға келсе, ғажап болар еді, - деді клуб президенті.

Усейн Болттың агенті Рикки Симмс та спортшының футболға деген құштарлығын жасырып қалған жоқ.

- 30 жастағы желаяқ Бундеслига болмаса, ағылшын премьер-лигасында ойнайды деп айту қиын. Дегенмен 6-9 ай дайындалса, бірінші, болмаса екінші лигада ойнауына шама-шарқы жетеді. Қай командада ойнайтыны әзірге құпия болып қалғаны жақсы, - деді.

Ямайкалық спортшы сегіз дүркін Олимпиада чемпионы ғана емес, он бір дүркін әлем чемпионы атанған желаяқ. Сегіз рет әлем рекордын жаңартқан. 100 және 200 метрге жүгіруде ең жылдам спортшылардың бірі.
  Пікір: 0
  0