auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Әлем чемпионатынан бұйырғаны – бір қола

Әлем чемпионатынан бұйырғаны – бір қола
iaaf.org
Спорттың падишасы саналатын жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты 1991 жылдан бері 2 жылда бір рет ұйымдастырылып келеді. Биылғы дода – Ұлыбритания елінің астанасы Лондонда өтті.

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының тарихын арыдан бастасақ, алғаш рет 1983 жылы Финляндия елінің астанасы Хельсинкиде өткен. Қазақстандық спортшылар ол кезде КСРО құрамасы қатарында болды. Кеңес Үкіметі тарағанға дейін үш әлем чемпионаты өтіп, онда отандастарымыз КСРО қоржынына 3 күміс 2 қола салды. Ал Қазақстан құрамасы тәуелсіз ел ретінде әлем чемпионатына 1993 жылдан бастап қатыса бастады.

24 жылдың жүзінде (Лондондағы доданы қоспағанда) қазақстандық спортшылар барлығы 7 медаль (3 күміс, 4 қола) иеленді. Ал алтын бұйырмай-ақ келеді. Тарқатып айтар болсақ, 1993 жылы Штутгартта өткен әлем чемпионатында қазіргі ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Григорий Егоров сырықпен секіру сынында күміс медальға ие болды.



1995 жылы 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруде алматылық жеңіл атлет Ольга Шишигина күміс медаль иеленсе, 2001 жылы қола медальға қол жеткізді. Қарағандылық онсайысшы Дмитрий Карпов 2003 және 2007 жылдары әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Әлем чемпионатында ең көп жүлде алған отандасымыз – Ольга Рыпакова. Тэгуде (2011 жыл) – күміс, 2015 жылы Бейжіңде қола жүлдегер атанды. Ал Лондонда тағы бір қола жүлдеге қол жеткізді. Біздің елден барған спортшыларға бұйырғаны осы ғана болды. Олжа салғыш Ольганың жолын жалғаған спортшылар болмағанмен, жас жеңіл атлеттеріміз мол тәжірибе жинағаны сөзсіз.

Әлем чемпионаты аяқталған соң, жеңіл атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Григорий Егоров қорытынды жасады.



– Ольга Рыпакова жоғары деңгейлі спортшы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Маусым ортасында аздаған қиындықтар болып, жақсы нәтиже көрсете алмай жүрді. Дегенмен жылдың басты жарысына дейін өзінің спорттық бабына еніп үлгерді. Соның арқасында әлем чемпионатында осы маусымдағы ең үздік нәтижесін көрсетті, – дейді Г.Егоров.



Бас жаттықтырушының айтуынша, қазіргі кезде құраманың сөзсіз көшбасшысы – Ольга Рыпакова. Ал оның ізін басып келе жатқандардың арасында 18 жастағы Мария Овчинникова (үш қарғып секіру), 21 жастағы Диана Айдосова (спорттық жүріс) және 22 жастағы Рима Кашафутдинова (100 метрге жүгіру) бар. Ал Виктория Зябкина, Ольга Сафронова, Светлана Голендова, Георгий Шейко және өзге де Қазақстанның үздік жеңіл атлеттері шеберліктерін жетілдіріп, жаңа деңгейге көтерілуге мүмкіндіктері бар.

Қазақстандық спортшылардың әлем чемпионатындағы нәтижелері:

1. Георгий Шейко (20 шақырымға спорттық жүріс) – 12-орын
2. Виктория Зябкина (200 метрге жүгіру) – 23,66 сек (іріктеуден өте алмады)
3. Елена Наназиашвили (марафон) – 73-орын
4. Қазақстан құрамасы (Р.Кашафутдинова, В.Зябкина, С.Голендова, О.Сафронова) 4х100 м эстафета – іріктеуден аса алмады
5. Диана Айдосова (20 шақырымға спорттық жүріс) – 47-орын
6. Полина Репина (20 шақырымға спорттық жүріс) – 50-орын
7. Регина Рыкова (20 шақырымға спорттық жүріс) – 52-орын
8. Мария Овчинникова (үш қарғып секіру) – іріктеуден өте алмады

Бір қола медальға ие болған Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 38-орынға табан тіреді. Жалпы Лондондағы додаға әлемнің 205 елінен 2034 спортшы қатысты. Олардың ішінде тек 43 елдің спортшысы ғана жүлдеге ілікті.

Жалпы командалық есепте АҚШ елінің спортшылары алдына жан салмады. Олар дүниежүзілік додадан 30 медаль еншіледі. Оның 10-ы – алтын, 11-і – күміс, 9-ы қола болды. Екінші орынға Кения құрамасы орналасты. Олар 5 алтын 2 күміс 4 қола медальға қол жеткізді. Үздік үштікке Оңтүстік Африка елінің спортшылары (3 алтын 1 күміс 2 қола) кірді. Ал Қазақстан бір қола медальмен Сирия, Италия, Танзания, Куба, Бразилия құрамаларымен бір қатарда 38-орынға жайғасты.



Жеңіл атлетикадан келесі әлем чемпионаты 2019 жылы Катар елінің астанасы Дохада өтеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 тамыз 2022, 04:35
Жеңіл атлетика
©olympic.kz Ислам ойындарында қоржынға алтын түсті
23 шілде 2022, 15:14
Жеңіл атлетика
©News Bruit Жеңіл атлетикадан ӘЧ-де рекорд орнатылды

Жарнама

Жарнама