Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

IAAF президенті Лондонда Азия құрлығының федерацияларының өкілдерімен кездесті

IAAF президенті Лондонда Азия құрлығының федерацияларының өкілдерімен кездесті


Кеше Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында әлем чемпионатының алдында IAAF президенті Себастьян Коэ және Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті Дахлан Аль-Хамадтың қатысуымен Азия құрлығының федерациялары өкілдерімен кездесу өтті. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясынан бас хатшы Лашын Аймағамбетов қатысты.

Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының  (IAAF) конгресі мен әлем чемпионатының алдында Себастьян Коэ әрбір құрлықтың өкілдері кездесу өткізеді. 1 тамызда IAAF басшысы Азиядан келгендерді қабылдады. Кездесуде Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті Дахлан Аль-Хамад пен бас хатшы Морис Николас болды. Жиында IAAF пен Азия жеңіл атлетика қауымдастығы арасында алдағы даму жоспары талқынады.

Ал Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы қауымдастығының бас хатшысы Лашын Аймағамбетов Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті Дахлан Аль-Хамадпен жеке кездесті.

– Бұл біздің алғашқы жеке кездесуіміз. Генерал Дахланмен әңгіме барысында Азия құрлығында жеңіл атлетиканың беделін арттыруды және алдағы бірігіп атқаратын жұмыстарды талқылады, – дейді Лашын Аймағамбетов.

Айта кетейік, IAAF конгресі 3 тамыз күні Лондон қаласында өтеді. Ал әлем чемпионаты 4 тамызда басталып, 13 тамызда аяқталады.
  Пікір: 0
  0