auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Жеңіл атлетикадан қанша әлем чемпионатының жүлдегері бар?

Жеңіл атлетикадан қанша әлем чемпионатының жүлдегері бар?
Бүгінгі таңда әлемнің мен деген мықты атлеттері Лондондағы әлем чемпионатына дайындалып жатыр. Дүниежүзінің үздіктерімен қазақстандық спортшылар да тайталасып көреді.

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатының тарихы 1983 жылдан басталады. Әйтпесе 60-70 жылдары Ғ.Қосанов, Ә.Тұяқовтар атой салған жылдары өткенде, қазақ жастары да бес құрлықтың мықтылары бас қосқан додада топ жарып қалар ма еді?

Еліміз тәуелсіздік алған соң, дербес ел ретінде жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына алғаш рет 1993 жылы қатыстық. Германияның Штутгарт қаласында өткен әлем чемпионатында қазіргі ұлттық құраманың бас бапкері Григорий Егоров сырықпен секіруден күміс медаль жеңіп алды. Жерлесіміз украиналық Сергей Бубкаға есе жіберіп, екінші орынды місе тұтты.

Егоровтың бұл жетістігін екі жылдан кейін болашақ Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина қайталады. Ол Швецияның Гетеборг қаласындағы чемпионатта көзге түсті. Алтын жүлде сол кездегі АҚШ-тың атақты атлеті Йоланда Гейл Диверске бұйырды. Шишигинаның Швециядағы уақыт көрсеткіші – 12,80 секунд.

Әлем чемпионатында келесі жүлдемізді 6 жыл күтуге тура келді. Себебі 1997 жылғы біріншілікке дисквалификациясына байланысты Ольга қатыса алған жоқ. Сидней Олимпиадасындағы жеңісінен кейін Шишигина 2001 жылы Канаданың Эдмонтон қаласында қола жүлдеге қол жеткізді.

Егоров пен Шишигина карьерасын аяқтаған соң, құраманың келесі көшбасшысы онсайысшы Дмитрий Карпов болды. Ол Афины Олимпиадасының алдында 2003 жылы Парижде және 2007 жылы Жапонияның Осака қаласында қола жүлдеге ие болды.

Соңғы медальды 2011 жылы Ольга Рыпакова еншіледі. Болашақ Олимпиада чемпионы Тэгуде үш қарғып секіруден екінші орынға тұрақтады. Рыпакова сол кезде украиналық Ольга Саладухадан қалып қойды. Бірақ Лондондағы Олимпиада ойындарында есесін қайтарды.

Әзірге әлем чемпионатында алтын медаль жоқ. Алдағы уақытта осы олқылықтың орны толады деп үміттенеміз. Биыл Лондонда өтетін біріншілікке Қазақстаннан Георгий Шейко, Полина Репина, Регина Рыкова,  Диана Айдосова (бәрі де – спорттық жүріс),  Ирина Смольникова мен Елена Наназиашвили (екеуі де – марафон),Ольга Рыпакова Мария Овчинникова (екеуі де – үш қарғып секіру) және спринтер Виктория Зябкина барады.

Бұлардан бөлек, Лондондағы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігі 4х100 метрге эстафеталық жүгіруден әйелдер құрамасында сақтаулы.

Әлем чемпионатында 16 құрама қатысады. Қазіргі кезде біздің құрама рейтингте 16-орында тұр. Егер ешқандай өзгеріс болмаса, Ольга Ольга Сафронова, Рима Кашафутдинова, Светлана Голендова, Юлия Рахманова, Анастасия Тулапина дүниежүзілік жарысқа жол тартады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 тамыз 2022, 04:35
Жеңіл атлетика
©olympic.kz Ислам ойындарында қоржынға алтын түсті
23 шілде 2022, 15:14
Жеңіл атлетика
©News Bruit Жеңіл атлетикадан ӘЧ-де рекорд орнатылды

Жарнама

Жарнама