Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Қазақстандық жеңіл атлет жарақатына байланысты әлем чемпионатына қатыса алмайтын болды

Қазақстандық жеңіл атлет жарақатына байланысты әлем чемпионатына қатыса алмайтын болды


4-13 тамыз аралығында Лондон қаласында өтетін жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына баратын бір спортшымыз жарақатына байланысты қатыспайтын болды.

Ол - марафоншы Ирина Смольникова.  Бұл туралы ҚР Жеңіл атлетика федерациясының спорттық директоры Александр Кощеев мәлім етті.

Смольникова Шығыс Қазақстан облысының тумасы. Ол соңғы жылдары тұрақты түрде 42 шақырым 195 метрді құрайтын марафонға жүгіріп келеді. Спортшы өткен жылдың 23 қазанында Венецияда өткен халықаралық марафонда төртінші болып келген. Мәскеудегі дәстүрлі  халықаралық марафонның 2013 және 2014 жылғы жеңімпазы.

Еске салайық, осыған дейін әлем чемпионатына Қазақстаннан 9 атлет жолдама алғаны белгілі болған еді. Оның төртеуі  спорттық жүрістен қатысады. Тарқатып айтсақ,  Георгий Шейко, Полина Репина, Регина Рыкова және Диана Айдосова. Екі спортшы марафоннан барады (Ирина Смольникова мен Елена Наназиашвили). Сондай-ақ үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен Азия чемпионы Мария Овчинникова бар. Спринтерлерден Виктория Зябкина өнер көрсетеді.


  Пікір: 0
  0