Атлетика
30 маусым 2021 09:46

"Басқаруды үйреніп жатырмын". Илья Ильин әкім болатынын мәлімдеді

Сурет: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық белгілі ауыр атлет Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтағаннан кейін саясатқа барынша араласпақ, деп хабарлайды Vesti.kz. "Жетінші арнадағы" "Студия 7" бағдарламасының эфирінде ол болашақта әкім болмақ ниетте екенін мәлімдеді. 

"Әрине, карьерамды аяқтар кезде ойландым. Мемлекеттік қызметкер болуды да - әкім, депутат. Иә, ондай ойлар болды. Бірақ маған әжірибе керек дегене ойға тоқтатдым. Сонымен, 42-43 жасыма қалдырдым. Қазір тәжірибе жинап жатырмын, өзімді танып, адамдарға білімімді беріп, сосын, әкім қызметіне баратын шығармын. 

Қазір спорт кешенінің директорымын, онда балалар мен ересектер жаттығады. Кешенде спорттың 12 түрімен 700 адам шұғылданады. Ақырындап басқаруды үйреніп жатырмын. Бұл мемлекеттік қызметке теңестірілген. Тәжірибе жинап жатырмын", - дейді Ильин. 

Еске салайық, 33 жастағы Ильин 2005, 2006, 2011 және 2014 жылы әлем чемпионы болған. Ал 2016 жылы ол 2008 және 2012 жылы жеңіп алған Олимпиада алтындарынан айырылды.