Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Астана" баскетбол клубының бас бапкері қызметінен босатылды

"Астана" баскетбол клубының бас бапкері міндетін атқарушы болып Михаил Карпенко тағайындалды.


© pbcastana.kz
© pbcastana.kz
"Астана" баскетбол клубының қазіргі маусымдағы төмен көрсеткіштеріне байланысты команданың бас бапкері Костас Флеваракис қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Астана" баскетбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана" баскетбол клубының бас бапкері міндетін атқарушы болып Михаил Карпенко тағайындалды.

Михаил Владимирович Карпенко - ресейлік маман, 20 жылдық тәжірибесі бар бапкер. Өз мансабын Карпенко 1997 жылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бастап, онда 10 жыл жұмыс істеген. Қызметінде М.Карпенко Саратовтың "Автодор" кәсіпқой клубын басқарған, Ростов-на-Донудың "Атаман" баскетбол клубында жұмыс істеген. Соңғы үш маусымда маман ақтаулық "Каспий" клубында болып, онда қазақстандық баскетболмен, ойыншылармен және ұлттық лига ерекшеліктерімен танысқан. Қазіргі спорт маусымында Михаил Карпенко "Астана" баскетбол клубы бас бапкерінің ассистенті қызметінде болған.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта маман баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік штабын басқарады. Карпенконың жетекшілігімен ұлттық құрама осы маусымда Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы барлық матчын жеңіліссіз өткізді.

Команданы және ойыншыларды жақсы білуіне, клубтың негізгі міндеттері мен мақсаттарын түсінуіне байланысты, сондай-ақ, Қазақстан ұлттық құрамасының жақсы көрсеткіштеріне байланысты Михаил Карпенко "Астана" бас бапкері міндетін атқарушы болып тағайындалды.
  Пікір: 0
  0