auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Астана" велокомандасы 8 желтоқсанда жаңа құрамын таныстырады

"Астана" велокомандасы 8 желтоқсанда жаңа құрамын таныстырады
2017 жылдың 8 желтоқсанында "Астана" кәсіпқой велокомандасының таныстырылымы өтеді. Барлық спортшы, сондай-ақ клуб басшылығы елордада команданың алдағы спорт маусымына шығатын құрамын таныстыру үшін жиналады.

Таныстырылым барысында дәстүрлі түрде "Астана" велокомандасы спортшыларының қатысуымен бірнеше шара ұйымдастырылады.

Бірінші кезекте велошабандоздар "MegaSilkWay" сауда және ойын-сауық орталығында жанкүйерлерімен кездесу өткізеді. Шара еркін форматта өтеді. Велокоманда жанкүйерлерінің арасында "Астана" спортшыларымен бірге конкурс ұйымдастырылады. Спортшылар жанкүйерлерге қолтаңба береді.

Жанкүйерлермен кездесу аяқталғаннан кейін велокоманда спортшылары ізбасарлары – спорт мектебінің оқушыларымен түскі ас ішеді. Оқушылар "Астана" велошабандоздарымен еркін әңгіме-дүкен құрып, көкейінде жүрген сұрақтарын қоя алады.

Сонымен қатар, "Астана" спорт брендінің бірыңғай жайғасып, дами түсуі үшін, сондай-ақ, фанаттар мен жанкүйерлердің басын қосу мақсатында таныстырылым күні "Астана" велошабандоздары мен осы аттас баскетбол клубының спортшыларының жанкүйерлермен біріккен кездесуі өтеді. Шараға барлық үш топ қатысады – велошабандоздар, баскетболшылар және олардың фанаттары. Олар бір ойын-сауық жарыс бағдарламасына қатыстырылады.

Осы аталған шаралар аяқталғаннан кейін таныстырылымның негізгі әрі ең маңызды бөлігі – велокоманданың кешкі салтанатты таныстырылымы өтеді. Шараның салтанатты бөлігінде "Астана" кәсіпқой командасының жаңа құрамы таныстырылады. Дәстүр бойынша, "Астана" велокомандасының таныстырылымын "Еуроспорттың" "алтын дауысы" Сергей Курдюков жүргізеді.

Айта кетейік, "Астана" Президенттік клубы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Бүгінде "Астана" ұлттық брендін халықаралық спорт аренасында танытып жүр. "Астана" брендінің аясында қазақстандық үздік спорт жобалары іске асырылып жатыр – "Астана" кәсіпқой велокомандасы, "Астана" футбол клубы, "Барыс" хоккей клубы, "Астана" баскетбол клубы, ралли-рейдтен "Астана" командасы және "Астана Арланс" бокс клубы. Ал "Астана" велокомандасы әлемдік кәсіби велоспорт командаларының тізіміне кіретін жалғыз қазақстандық велокоманда.

"Астана" әлем бойынша, оның ішінде Еуропа, Азия, Солтүстік Америка және Аустралияда Қазақстанның атынан шығып, жеңістерге жетіп жүр. Команданың қоржынында 248 жеңіс бар, оның 8-і Джиро ди Италия, Тур де Франс, Испания Вуэльтасы сияқты үш гранд-турдағы жеңіс. Құрылғанына 11 жыл болған командада әлемдегі ең абыройлы гранд-турларда жеңіске жеткен Александр Винокуров, Альберто Контадор, Лэнс Армстронг, Винченцо Нибали, Фабио Ару сынды велошабандоздар өнер көрсеткен.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
23 қыркүйек 2022, 13:48
Велокоманда "Астана"
©Gettysport Қазақстандық велоспортшы әлем чемпионы атанды
16 тамыз 2021, 14:58
Велокоманда "Астана"
Александр Винокуров. Сурет: astanapremiertech.com© Александр Винокуров "Астана" басшылығына оралды
20 тамыз 2020, 11:42
Велокоманда "Астана"
Уго Уль. Фото: cycling.kz© "Астана" велоспортшысы коронавирус жұқтырып алды
31 желтоқсан 2019, 14:59
Велокоманда "Астана"
Евгений Гидич. © "Астана" велокомандасы "Астана" спортшыларын жаттығу кезінде көлік қағып кетті

Жарнама

Жарнама