Қазақстандық биатлоншы
Галина Вишневская Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан
Азия ойындарында тағы бір медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
Вишневская әйелдер арасындағы 10 шақырымға із қуу жарысында үздік болды.
Еске салайық, Вишневская Қазақстан қоржынына 7,5 шақырымға спринтерлік жарыста алтын медаль алған еді. Сондай-ақ, бүгін ерлер арасында із қуу жарысында қазақстандық
Ян Савицкий күміс жүлде
алған болатын.
Жарнама