Қазақстандық таеквандошы Ерасыл Қайырбек 2018 жылғы Азия ойындарында қола жүлде иеленді, - деп хабарлайды
Vesti.kz.
68 келіге дейінгі салмақта өткен жартылай финалда Қайырбек Оңтүстік Корея спортшысы Дахун Лимен кездесті. Жерлесіміз 10:32 есебімен есе жіберіп, үшінші орын иеленді.
Бұл Қазақстанның Азиададағы 25 жүлдесі. Осымен Қазастанда екі алтын, алты күміс және 17 қола жүлде бар.
Осылайша, қола саны бойынша Қазақстан жүлделер есебінің көшбасшы - Қытай командасын басып озды. Қытай қоржынында 51 алтын, 34 күміс және 16 қола бар. Жалпы есепте Қазақстан 12 орында келеді.
Жарнама