Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Рингте күліп жүру - менің басты қаруым - Антон Пинчук

Боксшы Илья Квасниковпен өткен кездесуі туралы айтып берді


©vk.com/astana_arlans
©vk.com/astana_arlans
"Astana Arlans" командасының боксшысы Антон Пинчук Vesti.kz тілшісіне WSB жобасы аясында "Patriot Boxing Team" командасының боксшысы Илья Квасниковпен өткен кездесуі туралы айтып берді. 

- Антон, Илья Квасниковпен өткен кездесу туралы айтып берсеңіз. Жекпе-жек сіз үшін қиын өткен жоқ па?

- Шын мәнінде жекпе-жек мен үшін қиындау болды. Оның үстіне бұл кездесудің нәтижесі команданың көрсеткішіне тікелей байланысты еді. Сондықтан менің мойнымда жауапкершілік көп болды. Сол себепті аздап қобалжыдым. Бірақ бәрі ойдағыдай өтті. Қарсыласымның физикалық дайындығы мықты екен. Мен оны жылдамдықпен аяқтарыммен көп жұмыс істеп жеңіп кеттім. Негізі бұған дейін ресейлік команданың сапында басқа боксшы шығуы керек еді. Біз соған тиянақты дайындалық. Алайда кездесуге бірнеше күн қалғанда ресейлік команда құрамына өзгеріс жасады. Содан соң біз дайындығымызды түбегейлі өзгерттік. Түзде жеңіске жету - маңызды көрсеткіш. Сондықтан да біз жігіттердің барлығына да ризамыз. 

- Дайындықты өзгерттік деп қалдыңыз. Осы туралы кеңінен айтып берсеңіз. Жалпы дайындықтарыңыз қалай өтті?

- Алдымен дайындық жұмыстарын өте жақсы өткізген бапкерлер құрамына алғысымды айтқым келеді. Біз төрт аптадай тауда дайындалық. Бапкерлер барлық боксшыға жеке дайындық бағдарламасын құрып берді. Сол үшін де біз жекпе-жекке толық дайын болып шықтық. 

- Бір әңгімесінде Серік Сәпиев сізді рингте үнемі күліп жүреді деп қалды. Бұл сіздің жекпе-жекке құрған арнайы жоспарыңыз ба?

- Иә, бұл менің тактикам. Күліп жүріп мен бірінші кезекте өз тактикамды, екіншіден қарсыласымның шамына тиюге тырыстым. Жекпе-жекте бұл өз жемісін берді. Қарсыласым қателік жібере бастады. Алға қарай ұмтылып, түк ойланбады. Осы осал тұсын мен пайдаланып кеттім. Сондықтан рингте күліп жүру менің басты қаруым деп айтуға болады. 

Айта кетейік, WSB жобасының VII жобасының шымылдық ашар кездесуінде елодалық "Astana Arlans" түзде ресейлік "Patriot Boxing Team" командасын 3:2 есебімен жеңген еді. 
  Пікір: 0
  0