"
Астана Арланс" командасы
Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) финалында кубалық "
Куба Домадорес" боксшыларымен күш сынасады, деп жазады Vesti.kz.
Гаванада өткен қарымта кездесуде "Куба Домадорес" боксшылары колумбиялықтарды 5:0 есебімен тас-талқан етіп жеңіп, қос кездесу нәтижесі (7:3) бойынша финалға жолдама алды. Алғашқы сында "Колумбия Хероикос" командасы сәл басымдықпен жеңіске жеткен еді.
Айта кетейік, WSB жартылай финалында "Астана Арланс" британиялық "Бритиш Лайнхартс" ұжымынан 7:3 есебімен басым түсіп, финалға шықты.
Жарнама