Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Арландар" бірінші кездесуде ұлыбританиялық команданы айқын ұтты

Қос команда арасындағы қарымта кездесу 8 маусым күні Лондонда өтеді.


vk.com (Astana Arlans)
vk.com (Astana Arlans)
Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жартылай финалындағы алғашқы кездесуде "Astana Arlans" Қостанайда Ұлыбританияның "British Lionhearts" командасын 4-1 есебімен ұтты.

Қазақстандық клуб жетінші маусым қатарынан WSB жобасының жартылай финалында бақ сынауда. Сондай-ақ осы жарыстағы ең көп жүлделі орыннан көрінген командалардың бірі. Нұрлан Ақүрпеков жаттықтыратын команда биыл да жүлделі орыннан көріну үшін барын салуда.

Жартылай финалдағы бокс кешін 49 келіге дейінгі салмақтағы боксшылар бастады. Теміртас Жүсіпов Кларан МакДональдпен жұдырықтасты. Қарсыласы осал болған жоқ. Қорғаныста көп жүрмей, жиі шабуылға шығумен болды. Тәжірибелі Теміртас қарсыласының әдіс-айласын ерте ұғынып, жеңіске бастар жолды таба білді.

56 келіге дейінгі салмақта Ілияс Сүлейменов қарсыласы Кристофер Буркты уақытынан бұрын ұтып шықты. Төртінші раундтан кейін "British Leonhearts" командасының жаттықтырушылары жекпе-жекті ерте аяқтауға нұсқау берулеріне тура келді. Мұрны сынған ағылшын боксшысының халі мүшкіл болатын...

Үшінші болып шаршы алаңға шыққан Ділмұрат Мижитов Конор Лофтустан айласын асырып, "Арландарға" уақытынан бұрын жеңіс сыйлады. Ал 75 келіге дейінгі салмақта Әбілхан Аманқұл Никита Абабийді айқын ұтып, қазақ жанкүйерлерінің мерейін асырды.

Соңғы болып жекпе-жекке шыққан 91 келіге дейінгі салмақтағы боксшылар сынында Антон Пинчук Давид Киран Никқа ұтылып қалды. Нәтижесінде "British Lionhearts" командасы маңызды бір ұпай еншіледі.

Қос команда арасындағы қарымта кездесу 8 маусым күні Лондонда өтеді. Ұлыбританиядағы бокс кешінде «С2» санатындағы боксшылар шаршы алаңға көтерілетін болады.
  Пікір: 0
  0