Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Арландардың" Ұлыбритания командасына қарсы шығатын құрамы жасақталды

Қос команда арасындағы шаршы алаңдағы жекпе-жектер 3 маусым күні Қостанайда өтеді.


Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жартылай финалына шыққан "Astana Arlans" пен Ұлыбританияның "British Leonhearts" командалары арасындағы бірінші жекпе-жекке шығатын боксшылар белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қос команда арасындағы шаршы алаңдағы жекпе-жектер 3 маусым күні Қостанайда өтеді. Қазақстандық команда 2014 жылдан бері WSB жобасындағы кездесулерін еліміздің түкпір-түкпірінде өткізіп келеді. Еліміздің өңірлерін әлемге таныту мен сол өңірлердегі бокс жанкүйерлеріне қуаныш сыйлау – команданың басты мақсаты.

Қостанайда «С1» санатындағы боксшылар шаршы алаңға шығады.

49 келі: Ермак Мадиев - Кларан МакДональд

56 келі: Ілияс Сүлейменов - Кристофер Бурк

64 келі: Ділмұрат Мижитов – Конор Лофтус

75 келі: Әбілхан Аманқұл – Никита Абабий

91 келіге дейін: Антон Пинчук - Давид Киран Ниика

"Astana Arlans" клубы биыл жетінші маусым қатарынан жартылай финалға шығып отыр. WSB жобасындағы ең көп жүлделі орыннан көрінген командалардың бірі.

Айта кетейік, Арландар ширек финалда Ресейдің "Patriot Boxing Team" командасын екі кездесу қорытындысы бойынша айқын жеңіп жартылай финалға шыққан болатын. Ал жартылай финалда қазақстандық клубтың қарсыласы атанған Ұлыбританияның "British Leonhearts" ширек финалда Францияның "France Fighting Roosters" командасын жарыс жолынан шығарған еді. Командалар арасындағы қарымта кездесу 8 маусым күні Лондонда өтеді.

Жартылай финалдағы екінші жұпта "Cuba Domeodores" – "Colombia Heroicos" командалары кездеседі.
  Пікір: 0
  0