Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Арландардың" жартылай финалдағы бірінші жекпе-жегі Қостанайда өтеді

Жартылай финалдағы екінші жұпта "Cuba Domeodores" – "Colombia Heroicos" командалары кездеседі.


Astana Arlans ( вк парақшасы)
Astana Arlans ( вк парақшасы)
Биылғы Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жартылай финалына шыққан "Astana Arlans" бокс клубы алғашқы кездесуін Қостанайда өткізеді. Ұлыбританияның "British Lionhearts" командасымен өтетін бокс кеші 3 маусымға жоспарланған.

Қазақстандық команда 2014 жылдан бері WSB жобасындағы кездесулерін еліміздің түкпір-түкпірінде өткізіп келеді. Еліміздің өңірлерін әлемге таныту мен сол өңірлердегі бокс жанкүйерлеріне қуаныш сыйлау – команданың басты мақсаты.

"Astana Arlans" клубы биыл жетінші маусым қатарынан жартылай финалға шығып отыр. WSB жобасындағы ең көп жүлделі орыннан көрінген командалардың бірі.

Айта кетейік, Арландар ширек финалда Ресейдің "Patriot Boxing Team" командасын екі кездесу қорытындысы бойынша айқын жеңіп жартылай финалға шыққан болатын. Ал жартылай финалда қазақстандық клубтың қарсыласы атанған Ұлыбританияның "British Lionhearts" ширек финалда Францияның "France Fighting Roosters" командасын жарыс жолынан шығарған еді. Командалар арасындағы қарымта кездесу 8 маусым күні Лондонда өтеді.

Жартылай финалдағы екінші жұпта "Cuba Domeodores" – "Colombia Heroicos" командалары кездеседі.
  Пікір: 0
  0