Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
Дұрыс есеп жазып көрсетіңіз
Жабу (Esc)
Сақтау Қаражат жетіспейді Сіз трансфер лимитіне жеттіңіз Сіз трансфер лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитіне жеттіңіз Бұл позициядағы ойыншылар саны максимумына әлдеқашан жетті Трансфер қабылданбады, өйткені басқа позициядағы минимум орындалған жоқ Бір клубтың ойыншыларының саны максимумына әлдеқашан жетті Сіз сатып алудың лимитіне жеттіңіз млрд млн мың Сіз сатудың лимитіне жеттіңіз Сатып алу Сату Капитан ғылып белгілеу Капитанды белгілеңіз. Меню шақыру үшін ойншыға басыңыз. Қолданылған трансферлер саны: opening/closing.\n Қалған қаражат: € budget \n Сақтағаннан соң трансферлер келесі айналымда ғана қолжетімді болады \n Сіз ресурстарды тиімді қолданғаныңызға және армандаған топ жинағаныңызға сенімдісіз бе?
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз Фокустау Қайтару үшін басыңыз Суретті айнала ағуы Сол жақпен Оң жақпен Жоқ Жою Нысанды жоямыз ба?
Vesti.kz кеңсесі Спортпен өмір сүр! Іздегеніңізді жазып көрсетіңіз Компания туралы ақпарат
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Орын
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Арландар" ресейлік командаға қарсы шығатын құрамын жариялады

Жауапты кездесу Қарағандыдағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өтеді.

astanaarlans.kz
0 пікір
110
19 мамыр 2017 14:52
"Арландар" ертең ширек финалдың қарымта кездесуін өткізеді. Осыдан бір апта бұрын Ресейдің "Патриот Боксинг Тим" командасымен Кемеревода күш сынасқан қазақ боксшылары 3:2 есебімен жеңіске жеткен. Жауапты кездесу Қарағандыдағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өтеді. Басталуы – 17:00-де.

Ресей боксшылары топтық бәсекеде де "Арландармен" бір топта болды. Екі жекпе-жекте де отандастарымыз қарсыластарынан басым түсті. Мәскеуде өткен алғашқы айқаста Нұрлан Ақүрпековтің командасы 3:2 есебімен жеңіске жетсе, елімізде өткен кездесуде 4:1 есебімен басымдық танытты. Ширек финалдағы бірінші жекпе-жекте де "Арландар" 3:2 есебімен жеңіске жетті.

"Астана арландарының" бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков ресейлік командаға қарсы шығатын боксшылардың есімін жариялады. Егер есеп екі қарымта кездесудің қорытындысы бойынша тең болатын болса, онда жеңімпаз команда қосымша жекпе-жекте анықталады. Бүкіләлемдік бокс сериясы ширек финалдың жеребесі тартылған сәтте қосымша жекпе-жекті +91 келі салмақтағы боксшылар арасында өтеді деп шешкен.

52 келі салмақта күш сынасатын Олжас Сәттібаев биылғы маусымды жоғары деңгейде өткізіп жатыр. Әзірге тараздық тарлан топтық бәсекеде сүрінген жоқ. "Арландардың" капитаны бұл жолы ресейлік Иван Абрамовпен шығады деп күтілуде. Ресей боксшысы бұл маусымда әлі жекпе-жекке шықпаған. Сондықтан Олжасқа бұл қарсылас соншалықты қиындық тудырмас деген ойдамыз.

Топтық бәсеке кезінде Олжас "Патриот Боксинг Тим" командасының осы салмақтағы мүшесі Вячеслав Ташкараковпен қолғап түйістіріп, жеңіске жеткен болатын.

60 келі салмақта күш сынасатын Закир Сафиуллин де осы маусымда тамаша жұдырықтасуда. Бұл жолы отандасымыз Ресейден келетін Шахриер Ахмедовтің бабын байқап көрмек. Біздің боксшы қарсыласына қарағанда әлдеқайда тәжірибелі. Ресейлік боксшы болса, бұған дейін шаршы алаңға тек бір-ақ рет шыққан.

69 келі салмақта Асланбек Шымбергенов пен Шахабас Махмудов биыл екінші мәрте кездескелі тұр. Естеріңізде болса, 18 наурызда Таразда өткен топтық ойында Асланбек қарсыласын 3:0 есебімен жеңген еді.

"Арландардың" бас бапкері Нұрлан Сәкенұлы 81 келі салмақта Арман Рысбекке сенім артып отыр. Наурыз айында ресейлік боксшыларға қарсы өткен топтық сайыста да "Арландар" намысын Арман қорғаған. Сол кезде Ресейдің тәжірибелі боксшыларының бірі Павел Силягинді 2:1 есебімен ұтып, өзінің мықтылығын дәлелдеген еді. Бұл жолы енді Павел Силягинмен емес, Имам Хатаевпен қолғап түйістірмек. Қарсыласы биылғы маусымда тек бір жекпе-жек қана өткізген.

Аса ауыр салмақтағы (91 келі) боксшылар бәсекесінде еліміздегі талантты боксшылардың бірі Дмитрий Зиско шықпақ. 20 жастағы былғары қолғап шеберінің бұл бірінші жекпе-жегі болмақ. Биылғы маусымда аса ауыр салмақтың жүгін Олжас Бұқаев пен Қамшыбек Қоңқабаев сынды алыптарымыз көтеріп келді. Осы Ресей командасымен болған топтық сайыста Қазақстан чемпионы, павлодарлық Олжас Бұқаев Магомед Омаровпен шаршы алаңға шығып, тәжірибелі қарсыласынан жеңіліп қалған болатын. Бұл жолы Магомед Омаровтың орнын Артем Сисленков басты. Бұл боксшы да биылғы маусымда ешқандай жекпе-жекке шықпаған.

Қарағандыдағы бокс кешін Vesti.kz сайты тікелей эфирде көрсететін болады.

"Астана арландары" командасының осы маусымдағы нәтижелері


Әлеуметтік желілерде бөлісу
Ұтыс тігу жасау
0 комментариев
110
19 мамыр 2017 14:52
Новости