Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Астана арландары" боксшылары "Ресей патриоттарынан" басым түсті

Қарымта кездесу, жартылай финалға шығу үшін Қарағанды қаласында 20 мамырда өтеді.


© "Астана Арланс"
© "Астана Арланс"
Ресейдің Кемеров қаласында өткен бүкіләлемдік бокс сериясындағы (WSB) "Ресей патриоттары" мен "Астана арландары" арасындағы ширек финалдың бірінші жекпе-жегі Қазақстанда құрамасының пайдасына шешілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Шешуші кездесуде 75 келі салмаққа дейін өнер көрсеткен Сапарбай Айдаров ресейлік қарсыласы Андрей Ковальчукты 3:0 (48:47, 48:47, 48:47) есебімен жеңіп, жалпы есепте "Астана Арланс" командасының пайдасына 3:1 есебімен жеңіс алып келді.

56 келі салмаққа дейін өнер көрсететін Ілияс Сүлейменов Максим Чернышевті айқын басымдылықпен 3:0 (49:49:46, 48:47, 48:47) есебімен жеңді, ал 64 келі салмаққа дейінгі кездесуде Дильмурат Мижитов Алексея Мазурды 2:1 (48:47, 47:48, 48:47) есебімен ұтты. Сондай-ақ 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Теміртас Жүсіпов ресейлік Батор Сагалуевтен айласын асыра алмады. Есеп 0:3 (47:48, 47:48, 46:49). 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз Антон Пинчук Илья Квасниковпен жұдырықтасып, бірінші раундта нокдаунға түсіп қалды, ал екінші раундта төреші кездесуді тоқтатып, отандасымызға техникалық жеңіліс берді.

Қарымта кездесу, жартылай финалға шығу үшін Қарағанды қаласында 20 мамырда өтеді.
  Пікір: 1
  0  

Пікірлер

 
 
Сахи Шегебаев 12 мамыр 13:06
Мәртебе: Профи
Рейтинг: 313
Біріншіден, Жеңіс
құтты болсын, Ағайын! Жеңіс өз бағасымен таза келді. Екіншіден деген сөзді осы
жеңістің бағасына байланысты айтқым келіп отыр. Егер дәл осы жекпе-жектер дәл осы суретімен өзбектерге қарсы,
әділетсіздіктің туын тігіп отырған өзбек жерінде өткенде, алатақиялы алаяқтар
беттері былш етпестен бес жеңісті де өздерінің ала дамбалдарының ышқырына, кешіріңіздер,
ала шапандарының қойнына салар еді. Шүкір Аллаға, «мұсылманбыз» деп
гүмпілдегенмен, мұсылмандықтары орыс ағайындардың әділдіктерінің ширегіне
жетпейтін өзбектерден де басқа құдайына қараған көлшілеріміздің болғанына.
Әйтпесе, бағдардан айырылып, түңіліп кете жаздадық. Иә, қанша дегенмен қан
майданды қаншама халықпен қатар кешіп, сана саралауынан өткізген әкем
марқұмның; «орыс әділ халық» дегенін бүгін тағы еске алып отырмын.
Енді көңілге күй сыйлаған сайыстың өзіне
келейік. Бәрі, тіпті, кей-кейде өз боксшыларымызға тартыңқырап кеттім-ау дейтін
менің өзім үшін өте әділ өтті. Әрбірден, төрешілер менің ойымды оқып
отырғандай. Соған қарағанда, мақтануға ұқсап кетсе де, осы менің бокстан
шынымен әжептәуір хабарым бар екен-ау деп ойлап қалдым.
Жіктеп айтсам, бірінші Теміртас. Бұл жігіт
ринг үзеңгісіне аяқ салғаннан-ақ, өзінің дірілдеген тізесімен ештеңені
оңдырмайтынын көрсетті. Әй, шамасы бес минут тұрды-ау, қалтылдаған қолымен
Батордың бетін нәзік желпіп. Байғұстың тізесі де бүгіліп-бүгіліп кетеді. Біздің
арамызда бұл қалай жүр, «боксшымын» деп?! Өзі қорқып тұрған адамды қалмақ аясын
ба? Теріс қарап тоңқайып қорғанған жаннан не қайыр, не үміт. Екінші шыққан
Ілияс. Ілияс шығысымен рингтегі Қазақ та өзгеріп сала берді, біздің
көңіл-күйіміз де өзгеріп сала берді. Екі раундты жақсы еңсерген Жігітіміз,
үшіншіге келгенде тізгінді сәл босатып алды. Босаңдықты байқаған орыс боксшысы
да азуды басып үлгірді. Төрешілердің есебінде мүлтік жоқ, айнадағыдай. Үшінші
болып білекке найза ілген батырымыз Ділмұрат мүлде айызымызды қандырды. Азамат!
Орыс жауынгері кетігі жоқ қорғанға кіріп алғанымен, Қазақ батырынаң бес айналым
бойы айнала шауып төпелеген соққысы баланың қамалын қаусатпай қоймады. Төртінші
атқа қонған Сапарбай қапсағай келген жігіт екен, білеуленген бұлшық еті болмаса
да, 75 келіге қарамай аяғынан секіріп тұрған, атыс арсеналы әжептәуір толысып
қалған, тынысы да кең бала болып шықты. Бұнымен додаға түскен орыс жігіті де
қалыспап еді.., бірақ, қалып койды. Шаң қауып қалмағанмен, қамшы сабы дерлік
кем түсті. Реті келгенде айта кетейік, бұл жолы көрші мемлекет Батордан
басқасын орыс жігіттерінен сайлапты. Төрешілер тағы да таңғалдырып, мірден сір
айырғандай ұқыптылық көрсетті. Ал, осының бәрі өзбектердің ырқында өтіп
жатқанда, ендігі төрт түлегіміз де жер қарап, сақал-шашымызды жұлып отырар
едік. Қараңдар, өзбектер, әділдік дегеннің, құдайдан қорыққанның қандай
болатынын. Сатуға, сатып алуға келеді екен деп, бәрін саудаға сала бермей.
Әйтпесе, қитұрқылық жасап, ұятсыз жеңсті алып қалайын десе орыста да ақша,
оларда да жылпос жандар жетеді. Бірақ, олардың олай бетпақтық етуге арлары
бармай отырған сияқты. Бесінші болып ұрыс даласына Вася шықты. Бұл өренге
жеңісті біздің иіс алмас жарапазаншылардың беріп қойғаны қаша-а-ан! Біздің,
жұртты да, өздерін де сыйлауды білмейтін комментаторлардан қаным қарайғаны
сонша, мен анда-санда ашқаным болмаса, спорттық жарыстардың бәрінің даусын
ажыратып тастап көретін болғанмын. Біздің еліміздегі спорттың дамымауына
барынша үлес қосып жүрген осы бір контингенттің санаған кезде екі қолдың
саусақтары, оған қоса аяқтың пәшпайлары жетпейтін кемшіліктерінің ішіндегі ең
бір сорақысы, бұл қасқалардың оқиғаның, оқиғаның емес-ау, сол оқиғаны басқарып
отырған құдайдың алдына түсіп шабатындығы. «Біз пәленшенің өйтіп те, бүйтіп
жеңетіндігіне сенеміз!»?! Неңе сенесің?! Сенетіндей құдайға қол тапсырып па
едің? Осы бір, бәрің бірдей қайта-қайта қайталай беретін құдайсыз да топас
сөздің жанкүйер жүйкесіне қаншалықты тиіп болғанын сендердің қауақтарың ұға ма,
ұқпай ма? Осы бір топас сенім қанша рет маңдайға тиді, соны әлі түсінген
жоқсыңдар ма? Бір рет болса да; «Құдай қаласа» деп сөйлесеңдер, ауыздарыңды
қарақұрт шағып ала ма? Сендер құдайсыз болсаңдар да, жанкүйерлер құдайсыз емес
қой! Ал, сендер, сол жанкүйердің қалтасынан алған ақшамен күн көріп отырсыңдар.
«Біз Пинчуктің жеңетініне сенеміз!» Не болды, ал? Бір нәрсенің қисынын тауып,
нәтиже шығара алмайсыңдар ма? Дарақы қатын сияқты алдына түсіп ордаңдамай тыныш
отыруға мәдениеттерің жетпей ме?! Жақсы.., сендердің өз мамандықтарыңа сай
еместіктерің сондай, сендермен бөлек әңгімелеспей болмайын деп тұр. Сондықтан,
бұл тақырыпта қоя тұрып, Қазақ боксшыларын өзбекше емес, Қазақша таза жеңіспен
тағы бір құттықтап қойғым келеді. Және өз жерінде әділдіктен танбаған Орыс
ағайындарға ризашылығымды білдіргім келеді!