Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

"Астана арландары" мен "Ресей патриоттары" арасындағы жекпе-жектің өтетін жері өзгерді

Бұған дейін жекпе-жек Алматы қаласында өтетінін хабарланған еді.


Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсететін елордалық "Астана арландары" жобадағы жетінші маусымның бірінші ширек финалдық жекпе-жегі Қарағанды қаласында өтетін болды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Бұған дейін "арландар" ширек финалдық жекпе-жекті Алматы қаласындағы "Алматы Арена" спорт кешенінде өткізетіні хабарланған еді. Бірақ бүгін бұл екі команда арасындағы бокс кеші Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев атындағы спорт кешенінде өтетінін белгілі болды. 

Еске салайық, "Астана арландарының" ширек финалдағы қарсыластары ресейлік "Ресей патриоттары" командасы болады. Бірінші жекпе-жек 11 мамыр күні Ресейдің Кемерова қаласында өтсе, екінші кездесу 20 мамыр күні Қарағандыда өтеді. 

Ширек финалдың екі кездесуін де Vesti.kz порталы тікелей эфирде көрсетеді. 

"Астана арландары" мен "Ресей патриоттары" арасындағы бірінші жекпе-жекке қатысатын боксшылардың тізімі: 

49 келі: Батор Сагалуев - Теміртас Жүсіпов;
56 келі: Дмитрий Шарафутдинов - Ілияс Сүлейменов;
64 келі: Алексей Мазур - Ділмұрат Мижитов;
75 келі: Андрей Ковальчук - Сапарбай Айдаров;
91 келі: Илья Квасников - Антон Пинчук.



  Пікір: 0
  0