Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Vesti.kz "Астана арландары"мен "Қытай айдаһарлары" арасындағы кездесуді тікелей эфирде көрсетеді

Кездесу 22 сәуір күні, Қытайдың Санья қаласында өтеді.


Vesti.kz порталы Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жетінші маусымдағы топтық кезеңнің соңғы кездесуінде жолығатын "Астана арландары" мен "Қытай айдаһарлары" арасындағы жекпе-жек кешін тікелей эфирде көрсетеді. 

Бұл екі команда арасындағы кездесу 22 сәуір күні Қытайдың Санья қаласында өтеді. Жекпе-жектер Астана уақыты бойынша 17,30-да басталады. Ғаламторда бұл кездесуді мына сілтеме бойынша көре аласыздар. Vesti.kz порталында бұл кездесуді Роман Кушпелов пен Уалихан Қосанбай орыс және қазақ тілдерінде жүргізеді. 

Егер бұл кездесуде елордалық клуб қарсыластарынан үстем түсетін болса, С тобында бірінші орынмен плей-офф кезеңіне шығады. Қазіргі уақытта біздің команда 13 ұпаймен өз тобында бірінші орында тұрса, екінші орында тұрған "Өзбек жолбарыстарының" еншсінде 9 ұпай бар. 

Қытай жерінде жұдырықтасатын "арландардың" тізімін мына сілтеме бойынша көре аласыздар. Еске салайық, бұл екі ұжым арасындағы бірінші кездесуі қазақстандық боксшылар 5:0 есебімен жеңіске жеткен еді. 


  Пікір: 0
  0