auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Сауль Альварес Головкиннің салмағына ауысатынын мәлімдеді

 Сауль Альварес Головкиннің салмағына ауысатынын мәлімдеді
© USA TODAY Sports
WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (48-1-1, 34 КО) отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен 50-2-1, 32 KO) өтетін кездесуден кейін не істейтінін айтып берді. 

Альварестің айтуы бойынша, бұл жекпе-жектен кейін ол чемпиондық атағын қорғайтын кездесу өткізуге мүдделі емес екен. Керісінше Сауль салмақ ауысытырып, орта орта салмаққа көшеді екен. 

"Бұл кездесуден кейін мен тек орта салмақта жұдырықтасатын боламын. Мен командаммен бұл туралы ақылдастым. Алдағы жоспарым - орта салмаққа ауысу. Мен бірінші орта салмақта чемпиондық атағымды қорғамаймын. Чавеспен болатын жекпе-жекке келетін болсам, бұл кездесуде екеуміз де тәуекелге бел буып отырмыз. Ол бірнеше келі тастаса, мен керісінше бірнеше келі қосуым керек. Кейде бокста мұндай тәжірибеге бару керек. Мен алдағы жекпе-жек туралы уайымдап отырғаным жоқ", - деп келтіреді Альварестің сөзін BoxingScene.com. 

Айта кетейік, орта салмақтағы қазіргі уақыттағы ең мықты боксшы Геннадий Головкин 36-0, 33 КО). Қазақстандық боксшы бұл салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдарының чемпионы. 2016 жылдың мамырында "Канело" Әмір Ханды жеңгеннен кейін жұртшылықтың көзінше GGG-ді жекпе-жекке шақырған еді. Бірақ арада бірнеше ай өткеннен кейін ол өзінің орта салмақтағы WBC тұжырымының чемпиондық белбеуінен бас тартып, бірінші орта салмаққа ауысып кеткен еді. Ал белбеу болса Головкинге берілді. 

Сөйтіп  өткен жылдың тамызында ол сол кезде WBO тұжырымының чемпионы Лиам Смитқа (23-0-1, 13 КО) қарсы кездесу бірінші орта салмақтағы соңғы кездесуім деп мәлімдеген болатын. 

Дегенмен ол жекпе-жектен кейін де "Канелоның" орта салмаққа ауыспайтыны белгілі болды. Оның алдағы кіші Чавеспен өтетін кездесуі де біріні орта салмақ -  164,5 фунтта болады. Осы кездесуден кейін енді мексикалық боксшы нақты орта салмаққа ауысуы ықтимал. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама