Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
Дұрыс есеп жазып көрсетіңіз
Жабу (Esc)
Сақтау Қаражат жетіспейді Сіз трансфер лимитіне жеттіңіз Сіз трансфер лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитіне жеттіңіз Бұл позициядағы ойыншылар саны максимумына әлдеқашан жетті Трансфер қабылданбады, өйткені басқа позициядағы минимум орындалған жоқ Бір клубтың ойыншыларының саны максимумына әлдеқашан жетті Сіз сатып алудың лимитіне жеттіңіз млрд млн мың Сіз сатудың лимитіне жеттіңіз Сатып алу Сату Капитан ғылып белгілеу Капитанды белгілеңіз. Меню шақыру үшін ойншыға басыңыз. Қолданылған трансферлер саны: opening/closing.\n Қалған қаражат: € budget \n Сақтағаннан соң трансферлер келесі айналымда ғана қолжетімді болады \n Сіз ресурстарды тиімді қолданғаныңызға және армандаған топ жинағаныңызға сенімдісіз бе?
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз Фокустау Қайтару үшін басыңыз Суретті айнала ағуы Сол жақпен Оң жақпен Жоқ Жою Нысанды жоямыз ба?
Vesti.kz кеңсесі Спортпен өмір сүр! Іздегеніңізді жазып көрсетіңіз Компания туралы ақпарат
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Орын
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло Правила комментирования
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақ боксшылары Азия ойындарына 20 келі жылқы етін ала кетті

Ертең Индонезияда жазғы Азия ойындары басталады.

kfb.kz
0
83
17 тамыз 14:53
18 тамыз күні Индонезия елінің астанасы Джакарта мен Паламбанг қалаларында жазғы Азия ойындары басталады. Қазақстандық спортшылар сары құрлықтың басты додасына аттана бастады. Боксшылар мен күрестен әйелдер құрамасы да Индонезияны бетке алды.

Қазақстан бокс федерациясы хабарлағандай, Азия ойындарына қатысатын 7 боксшы мен жаттықтырушылар және дәрігерлер жарысқа аттанды. Команданың Джакартаға жетуі ұзақ сапар болмақ. Алдымен Астанадан Банкгогқа дейін 7 сағат ұшады. Онда 3 сағат аялдап, Индонезия елінің астанасына дейін тағы 4 сағат әуе сапарында болады.

Алғашқы екі күнде боксшылар тынығып, жергілікті климат пен тамағына бой үйретеді. Сондай-ақ команда 20 келі жылқы еті мен қажетті дәрі-дәрмектерді өздерімен бірге ала кетті.



- Бара сала жаттығуға кіріспейміз. 17-не тынығып, 18-і жарыстың ашылу салтанатына қатысамыз. 19 тамыздан бастап жаттығуды бастаймыз. Өзімізбен бірге 20 кг жылқы етін алып барамыз. Жігіттер кімге қанша және қай уақытта жеу керектігін өздері шешеді, - деді ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов.

Спортшылар түрлі сырқаттардан да сақтану қажет. Қазір Джакартада 30 градус ыстық әрі ауа ылғалдылығы өте жоғары. команда дәрігері Ирек Сатовтың айтуынша, бұл елде ішек жұқпалы ауруларын жұқтыру қаупі жоғары екен. Сондықтан команда 40 кг-нан асық дәрі-дәрмек те алып бара жатыр.

- Азияның ыстық елдерінде денсаулықты күтіну аса маңызды. Әсіресе ішек жұқпалы ауруларын жұқтыру қаупі жоғары. Барлығы қолдарын жиі жуып тұрулары керек. Ал тістерін краннан келетін сумен жууға болмайтынын ескертіп қойдық. Бөтелкедегі суларды тұтынатын болады. 40 кг-на астам дәрі-дәрмек пен керек-жарағымызды алып бара жатырмыз, - деді.

Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты ертең Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Қазақстанның туын боксшы Әбілхан Аманқұл көтеріп шығады.

Бокстан жарыстар 24 тамыз күні басталады. Ал финалдық жекпе-жектер 1 қыркүйек күні өтеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Ұтыс тігу жасау
0
83
17 тамыз 14:53
Новости