auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақ боксшылары Хельсинкидегі халықаралық турнирде 5 алтын медаль иеленді

Қазақ боксшылары Хельсинкидегі халықаралық турнирде 5 алтын медаль иеленді
Бокстан Финляндия елінің астанасы Хельсенкиде Gee Bee халықаралық турнирі аяқталды. 37-ші рет ұйымдастырылған жарыста қазақ боксшылары жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Қазақстаннан барған 6 боксшы да жүлделі орыннан көрінді. 56 кг салмақ дәрежесінде Қайрат Ералиев финалда мажар елінің боксшысы Нандор Соканы жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды. 69 кг-ға дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов топ жарды. Бұл салмақтағы сенім осы жігітке артылып отыр. Себебі Данияр Елеусінов пен Садриддин Ахмедов кәсіпқой боксқа ауысты. Абылайхан Gee Bee турнирінің финалында британдық боксшы Харис Акбарды жеңді.

81 кг салмақта Бек Нұрмағанбет жарқын жеңісімен жанкүйерлер есінде қалды. Финалда отандасымыз ресейлік боксшы Артем Агеевті нокаутқа түсірді. Риодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит те қарсылас шыдатпады. Финалда украиналық боксшы Константин Пинчуктан айласын асырды.

Қазақстан құрамасының қоржынына түскен бесінші алтын медальды аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев иеленді. Ол финалда британдық боксшы Соломон Дакросты жеңді.

52 кг-ға дейінгі салмақта жұдырықтасқан Олжас Байниязов финалда француз Билал Биннаманға есе жіберіп, күміс медальға ие болды.

Жалпыкомандалық есепте қазақ боксшылары бірінші орын алды. Ресей құрамасы 2 алтын 3 күміс 5 қола медальмен екінші орынға ие болса, швед боксшылары 2 алтын 1 күміс 1 қола медальмен үздік үштікті түйіндеді. Қазақ боксшылары 12-17 наурыз аралығында Польшадағы Феликс Штамм атындағы халықаралық турнирге қатысады. Оған ұлттық құрама сапында 10 боксшы қатысады. Бокстан Қазақстан құрамасы үшін 2018 жылдың басты жарысы – тамыз айында Джакартада (Индонезия) өтетін Азия ойындары. Халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен боксшылар осы додада ел намысын қорғайды. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов айта кеткендей, Азия ойындарына қатысатын боксшылар шілде айында белгілі болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама