Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Қазақстандық 6 боксшы ХОК шәкіртақысын алады

Бұл қаржылық қолдау спортшылардың Олимпиада ойындарына дұрыс жаттығуын қамтамасыз етуге арналған.


ҚБФ
ҚБФ
Қазақстандық 6 боксшы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) "Олимпиадалық ынтымақтастық" бағдарламасы аясында "Токио-2020 олимпиадалық шәкіртақысының" иегерлері атанды.

"Олимпиадалық ынтымақтастық" - Халықаралық Олимпиада Комитетінің олимпиадалық қозғалысты дамытуға арналған бағдарламасы. Аталған бағдарлама аясында ұлттық федерациялар ұсынған шәкіртақыға үміткер спортшыларды Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті халықаралық ұйымға жіберген болатын. Өтінімдерді қабылдаған ХОК шәкіртақы алуға лайықты спортшыларды анықтады.  

Қазақстандық 24 спортшыға шәкіртақы бөлінген. Бұл қаржылық қолдау спортшылардың Олимпиада ойындарына дұрыс жаттығуын қамтамасыз етуге арналған.

Боксшылар арасында бұл шәкіртақыға 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев, Рио Олимпиадасының жүлдегерлері Василий Левит пен Дариға Шәкімова, 2017 жылғы әлем және Азия чемпионатының жүлдегері Абылайхан Жүсіпов пен Әбілхан Аманқұл, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай ие болды.
  Пікір: 0
  0