Үстіге
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
Күтіңіз...

Қазақстандық боксшы қыздар Сербиядағы халықаралық турнирде 24 медаль жеңіп алды

Бокстан Сербияның Самбор қаласында ұйымдастырылған "Nations Cup-2018" халықаралық турнирі аяқталды.


Сергей Штрак @
Сергей Штрак @
Бокстан Сербияның Самбор қаласында ұйымдастырылған "Nations Cup-2018" халықаралық турнирі аяқталды. Қыздар арасында өтетін дәстүрлі жарыс биыл жетінші рет өз жалауын желбіретті.

Қазақстандық боксшы қыздар бұл бокс бәсекесінде жыл сайын жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Биыл да жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Ересектер, жастар мен жасөспірімдер арасында өткен жарыста отандастарымыз барлығы 24 медаль (7 алтын 7 күміс 10 қола) жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы Сербиядағы жарысқа тас-түйін дайындықпен барды. Ересектер арасында Фариза Шолтай (81), Дина Жоламан (54), Карина Ибрагимова (60), Мәдина Нұршаева (64), Дариға Шәкімова (75) және Ләззат Кунгейбаева (+81) жеңімпаз атанды. Алина Тұрлыбаева (48), Жайна Шекербекова (51), Аида Тұяқбай (54), Назым Ищанова (57) мен Ақерке Бақытжан (75) күміс медаль еншіледі.

Қазақстан құрамасының қоржынына түскен тағы бір алтын жүлдені жасөспірімдер арасында 48 кг-ға дейінгі салмақта Шырайлым Бақытжан жеңіп алды. Ал жұдырықтасу шеберлігі мен шабуылдағы шапшаңдығымен ерекшеленген қазақстандық боксшы қыз Карина Ибрагимова үздік боксшыға берілетін басты сыйлықты иеленді.
  Пікір: 0
  0