auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы карьерасын аяқтауы мүмкін

Бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы карьерасын аяқтауы мүмкін
Жәнібек Әлімханұлы. kfb.kz
2013 жылы өткен бокстан әуесқойлар арасында әлем чемпионы 24 жастағы Жәнібек Әлімханұлы әуесқой бокстағы карьерасын аяқтап, Ұлттық құрамадан кетті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

"Иә, бұл шындық. Біз оған тағы бір мүмкіндік бергіміз келген еді. Бірақ оның өзі қоңырау шалып, "рақмет" деді. Сенім артқанымызға алғысын айтып, "Мырзағали аға, мен әуесқой бокстағы карьерамда аяқтаймын", - деді. Қазір денсаулығын түзетіп, ары қарай не боларын көремін. Мүмкін кәсіпқой боксқа ауысатын шығармын. Бірақ қазір әуесқой бокстан кетемін деді. 

Сонымен қатар ол жалпы карьерасын аяқтап қалуы мүмкін екенін де айтты. Енді барлығын өзі шешеді. Жәнібек - қарапайым жігіт. Әрине, оның енді ғана өсіп келе жатқанында осындай шешім қабылдауы біз үшін де өкінішті. Ол өте тәжірибелі әрі талантты боксшы. Бірақ ол кетіп жатыр. Мұндай таланттарды табу оңай емес", - дейді бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов. 

Еске салайық, 2016 жылғы Олимпиада ойындарынан кейін Әлімханұлы Қазақстан құрамасымен бірген бірінші жаттығу жиындарына қатысты. Тіпті салмағын 75 келіден 81 келіге ауыстырды. Оның карьерасындағы ең жоғарғы табыс - 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатындағы алтын жүлде. Сондай-ақ ол Азия ойындары мен Азия біріншілігінде де топ жарған. 

Кәсіпқой бокста Әлімханұлы екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Соңғы рет ол әуесқойлар арасындағы Шымкентте өткен Қазақстан біріншілігінде бағын сынады. Бірақ ел біріншілігінің бірінші айналымында ол 19 жастағы Михайл Коханчиктен жеңіліп қалды. 






Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама