Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
Дұрыс есеп жазып көрсетіңіз
Жабу (Esc)
Сақтау Қаражат жетіспейді Сіз трансфер лимитіне жеттіңіз Сіз трансфер лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитінен асып кеттіңіз Сіз ойншылардың лимитіне жеттіңіз Бұл позициядағы ойыншылар саны максимумына әлдеқашан жетті Трансфер қабылданбады, өйткені басқа позициядағы минимум орындалған жоқ Бір клубтың ойыншыларының саны максимумына әлдеқашан жетті Сіз сатып алудың лимитіне жеттіңіз млрд млн мың Сіз сатудың лимитіне жеттіңіз Сатып алу Сату Капитан ғылып белгілеу Капитанды белгілеңіз. Меню шақыру үшін ойншыға басыңыз. Қолданылған трансферлер саны: opening/closing.\n Қалған қаражат: € budget \n Сақтағаннан соң трансферлер келесі айналымда ғана қолжетімді болады \n Сіз ресурстарды тиімді қолданғаныңызға және армандаған топ жинағаныңызға сенімдісіз бе?
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз Фокустау Қайтару үшін басыңыз Суретті айнала ағуы Сол жақпен Оң жақпен Жоқ Жою Нысанды жоямыз ба?
Vesti.kz кеңсесі Спортпен өмір сүр! Іздегеніңізді жазып көрсетіңіз Компания туралы ақпарат
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Орын
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Болжамдар бәйгесі Конкурс "Дрим Тим" Табло ТВ-расписание ЧМ-2018 по футболу
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Құрама боксшылары кәсіпқой боксқа ауысамын десе, ұстамаймын - Мырзағали Айтжанов

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері 2017 жылды қорытындылады.

0 пікір
182
27 желтоқсан 11:13
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов қазақ боксы үшін 2017 жыл аса сәтті болғанын атап өтті, деп жазады Inform.kz агенттігі. 

- Мырзағали Құланұлы, 2017 жыл қазақ боксы үшін қаншалықты табысты болды?

- Өтіп бара жатқан 2017 жыл біз үшін, яғни қазақ боксы үшін аса табысты жыл болды десем қателеспеймін. Өйткені, қазақ боксшылары өздері қатысқан әлемдік додалардан жүлдесіз қайтқан жоқ. Осы жылдағы ең басты дода әлем біріншілігінде біздің жаңадан жасақталған жас құрама командамыз бір емес, алты медаль жеңіп алды. Бұл - тарихи жеңіс. Осыған дейін өз елімізде өткен әлем біріншілігінде тұңғыш рет 8 медаль алған болатынбыз. Ал сырт елде 6 медальға бірінші рет қол жеткізіп отырмыз. Оның үстіне әлем біріншігінде жүлде алған жігіттердің басым бөлігі додаға бірінші рет қатысып тұрып, сондай жетістіктерге қол жеткізуі қазақ елінің мерейін бір көтеріп тастады.

- Қазіргі құрамадағы боксшылардың болашағы жарқын деп есептейсіз гой...

- Әрине, бәрінің болашағы жарқын. Бірақ, әлі Токио Олимпиадасына дейін көп тер төгуіміз керек. Бұрын Иван Дычко, Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов сияқты Әлем және Олимпиада ойындарында қанжығалары бір емес, бірнеше рет майланған боксшыларымызға қаншама еңбек еттік. Олардың бүгінгі жетістігі - сол еңбектің жемісі. Олардың кейбіреуімен 10 жылымыз бірге өтіпті. Бұл аз уақт емес. Әлі бірге жұмыс жасап жатқан боксшылар бар. Енді, сол сияқты, қазіргі жас командамен де ұзақ уақыт жұмыс жасауымыз керек. Сонда ғана нәтиже болады. Әлем, Олимпиада чемпионы бір күнде, не бір айда дайындап шыға салатын дүние емес. Сол үшін ешқашан осалдық танытпай, еңбектене беруіміз керек. Бізге мүлде босаңсыуға болмайды.

- Биылғы ел біріншігіне, әлем чемпионатында жүлде алған алты боксшы қатысқан жоқ. Бірақ, сонда да дода аса тартысты өтті. Кейбір сақа боксшылар жас буыннан жеңіліп жатса, ал біреуі әлі де көшбасшы екенін дәлелдеп жатты. Құраманы жаңадан жасақтау қаншалықты қиын болды?

- Әрине, оңай болған жоқ. Бізді қуантатыны елімізде қай салмақ болмасын, бәсекелестік аса жоғары екенін байқадық. Міне, бізге де керегі осы. Бәсекеде кім озық, сол құрамаға ілікті. Тіпті, олардың қатарында бір-екі жыл демалып қалып, қайтадан өзін дәлелдеген боксшылар да бар. Осыдан бірер күн бұрын ғана ең жаңа құрама мүшелерінің тізімін жарияладық. Өздеріңіз көргендей, олардың қатарында жастармен бір қатарда сақа боксшылар да бар. Олардың кімдер екенін өздеріңіз де көрген боларсыздар.

- Жаңа тізімнен Данияр Елеусіновтің де есімін көріп қалдық. Ол ұлттық құрамаға ресми түрде қайтып келді ме?

- Иә, қайта келді. Енді ол бұрынғыдай құрамада жаттығады. Ол өзінің бұрынғы бабына келіп, мықтылығын қайта дәлелдеп жатса, келесі жылы өтетін халықарылық, әлемдік додаларға баруға мүмкіндік алады. Өткенде біреу «құрамаға ардагер» боксшыларды неге қалдырдыңыздар деп сұрап жатыр. Әркім өз салмағында қырық жасқа дейін күш-қуаты қайтпай, көшбасшы екенін дәлелдеп тұрса, Әлем, Олимпиада ойындарында сүрінбей жүлде алып жатса, біз оларды неге қуып жіберуіміз керек? Керісінше, құрамаға алынған жас буын боксшыларымыздың Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, Олимпиада мен Әлем біріншілігінің  екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы сияқты боксшылармен бірге жаттығуы оларға мақтаныш емес пе? Соларға қарап бой түземей ме? Сол үшін сақа боксшылардың болғаны құрамаға пайдасынан басқа зияны жоқ. Олар - әбден ысылған боксшылар. Осыған дейін елдің елдігі сынға түсетін сәтте, жасындай жарқырады. Алдағы уақыттарда да сол биіктерінен көрінеді деген үміттеміз.

- Соңғы кездері қазақ боксшыларынан кәсіпқой боксқа кетіп жатқандардың саны артып келеді. Ұлттық құрамадағы боксшылар кәсіпқойға ауысамыз деп жатса, қарсы болар ма едіңіз?

- Егер кәсіпқой боксқа ауысамын дегендер болса, мен ұстамаймын. Еркі өзінде. Мен ешкімді байлап, матап отырған жоқпын. Қазір, Аллаға шүкір, ұлттық құрама төрт құрамда жасақталған. Біздің ең төменгі төртінші құрамамыздың өзінде «сен тұр, мен атайын» деген жігіттер бар. Осы төрт құрамды да қаржыландырып отырған Қазақстан бокс федерациясының басшылығына алғысымыз шексіз. Бар жағдайымызды жасады. Қазақта «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөз бар. Ашығын айту керек, еліміздің бокс федерациясына Тимур Құлыбаев мырза келгеннен бері қазақ боксының көсегесі көгерді. бапкерлерге де, боксшыларға да барлық жағдай жасалды. Біз осындай жасалған қамқорлықтың арқасында биік белестерді бағындыруға мүмкіндік алып отырмыз.

- Өмірде қуаныш бар жерде, өкініш те болып жатады. Осы жылы жетістіктеріңізден басқа «әттеген-айларыңыз» болды ма?

- Жоқ емес. Бұған Өзбекстанда өткен Азия біріншілігін мысалға келтіруге болады. Ең жаңа жас құраммен бардық та қола, күмістен бөлек жалғыз алтынға қол жеткіздік. Ол жерде біздің боксшылар «бармақ басты, көз қысты» әрекеттердің де құрбаны болды. Бірақ, барлығын төрешілерден көре беруге болмайды. Көптеген олқылықтарымыз болды. Кейін сол олқылықтарды жоюмен жұмыс жасадық. Әлем біріншігіне кемі екі алтын аламыз деп бардық. Өкінішке қарай, бір алтынға ғана ие болдық. Міне, осының барлығының ар жағында бір «әттеген-айлар» қалды.

- Енді келесі жылға басты мақсат етіп отырған жоспарларыңызбен бөлісе кетсеңіз...

Келесі жылдың басты жоспары - Индонезияда өтетін жазғы Азия ойындары. Осы сарықұрлық додасында топ жару - біздің басты мақсатымыз. Оған дейін көптеген жарыстарға, оқу-жаттығуларға қатысамыз. Келесі жылдың дайындығын қаңтар айында Алматыда бастайтын боламыз. Ақпан айында Ресей, Өзбекстан құрамаларымен бірлескен оқу-жаттығуларын жасасақ, наурызда Ресейге барамыз. Сәуірде тағы бір шетелге оқу-жаттығуға баруды жоспарлап отырмыз. Мамыр айында өз елімізде шет елден құрамалар шақырып жаттығу жасайтын боламыз. Арасында көптеген халықаралық додалар болады. Сол жарыстарға төрт құрамды да қатыстырып, ішінен кіл мықтыларды талдап, Азия ойындарына апаруды жоспарлап отырған жайымыз бар.

- Әңгімеңізге көп рахмет! Сәттілік тілейміз.


Әлеуметтік желілерде бөлісу
Ұтыс тігу жасау
0 комментариев
182
27 желтоқсан 11:13
Новости